Президент Касым-Жомарт Токаев на совместном заседании палат Парламента обнародовал Послание народу Казахстана «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм». Выступление главы государства вызвало неподдельный интерес в казахстанском обществе. Свое мнение сегодня высказали и простые жамбылцы. О них мы узнали , выйдя на улицы города.
Заместитель акима Жамбылской области Канатбек Мадибек отчитался о развитии инфраструктуры региона. В частности, он отметил проделанную работу по строительству дорог, водоснабжению, подаче электроэнергии, газификации и строительству социальных объектов. Подробнее в предстоящем видео.
Күні кеше қаладағы №6 облыстық бокс мектебінде Кикбоксингтен Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған жамбылдық спортшыларды салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.
Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылында жаңа «Мәдениет үйі» ел игілігіне берілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында еңсе тіктеген мәдени ошақ жайлы әріптесім Фархат Қаумен тарқатсың.
Күні кеше ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз жолдауында елдің даму бағытын нақтылап, алдағы міндеттерді айқындады. Әлеуметтік-экономикалық реформалар мен саяси тұрақтылық мәселелерін жан-жақты қарастырды. Осы тұста Жамбыл жұрты жолдау барысын бағамдады ма?
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өңірдің инфрақұрылымын дамыту саласы бойынша есеп берді. Атап айтсақ жол құрылысы, сумен жабдықтау, электр қуатын жеткізу, газдандыру және әлеуметтік нысандарды салу бойынша атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Жұлдызы биік Жуалы талай тұғыры биік тұлғаларды түлеткен қасиетті өлке. Биыл бірқатар жуалылық ақын, жазушы, журналист, генерал ағаларымыз мерейлі жасқа толып, туған жерінде мерейтойларын атап өтті. Тұғыры биік тұлғалар құрмет-қошеметтен кенде емес. Алайда туып-өскен туған жерінің, туған елінің ыстық ықыласы мен сый-құрметінің орны бөлек. Жуалы жұртшылығы әрқашан ақынын аялап, азаматын ардақтаған өлке. Осындай игі істің жалғасы ретінде бүгін ауданымызда жерлесіміз ауданымыздың төл перзенті, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, белгілі жазушы, ақын, композитор Мырзахан Рахманбердіұлы Ахметовтың 70 жылдық мерей тойына орай «Жанымның ақ шуағы» атты әдеби — музыкалық кеш болып өтті.
Конституция күніне орай қала жұрты үшін президент саябағында мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Аталған іс шараға жиылған халықтың қарасы қалың. Толығырақ мерекелік шараға қатысып қайтқан әріптесім Фархат Қаумен жалғасын
Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков «2024 жылы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында есеп берді. Жиынға мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Жамбыл ауданында 39 мектепте алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы 1 қыркүйек – Білім күніне орай Айшабибі ауылындағы нөмері 7 орта мектептегі іс-шараға қатысты