25 Сен 2025, Чт

Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі жемқорлық – мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады, сонымен қатар еліміздің дамуына кедергі жасап, халықаралық аренада еліміздің абыройына нұсқан келтіреді. Осы тұста бүгін жастардың басын қосқан «Адалдық сағаты» аясында лекция өтті.

«ЖАМБЫЛ СУ» МКК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІС –ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ ШЕҢБЕРІНДЕ БАСПАСӨЗ-ТУРЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін «Жамбыл Су» Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорны инвестициялық бағдарламаның іске асыру шеңберінде өзіне сеніп тапсырылған объектілерде депутаттардың, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, «Аmanat» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз тур өткізді . Толығырақ келесі сюжетте.

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ- ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

Күні кеше Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында АЭС салу мәселесі бойынша басқосу өтті. Жиын барысында АЭС құрылысындағы бірқатар  мүмкіндіктер мен өзекті сұрақтар талқыланды. Толығырақ әріптесім Бағжан Шамшиева тарқатады.

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Еліміздің барлық өңірлерінде Қасым Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша АЭС құрылысына қатысты түсіндірме жұмыстары іске асырылып жатыр.Түрлі сұрақтарды көтеріп, ұсыныстар мен қатар пікірлер айтылатын жиын бүгін Жасыл ел Тараз ЖШС қызметкерлерімен өтті.

«АЙБАЛТА-2024»ЖЕДЕЛ-ТАКТИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

Жамбыл облысының Матыбұлақ полигонында «Айбалта-2024″жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оған қатысу үшін Қазақстанның оңтүстігіне «Оңтүстік» және «Шығыс»өңірлік қолбасшылықтарының бөлімшелері арнайы келді. Әскерлердің әр тобы жаттығуға екі механикаландырылған бригаданы ұсынды. Айта кетейік олар бір-біріне қарсылас ретінде әрекет етеді.

«ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА НЕНДЕЙ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ?

Жамбыл облыстық статистика департаменті «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың алты айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Еліміздің инфрақұрылымдық саласын жаңғыртуға бағытталған жобаның жұмыс нәтижесін алдағы бейнематериалдан көріңіздер.

М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде АЭС құрылысы жөнінде дөңгелек үстел өтті. Басқосудың негізгі мақсаты – АЭС ның  өңірлік экономикаға берер  әсерін талқылап, саралау болды. Толығырақ тілші материалында

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Жамбыл облыстық статистика департаментінде алдағы референдумға қатысты жиын өтті.  Басқосуда мамандар елдің болашақ бағыт-бағдарын анықтайтын маңызды оқиға жөнінде өз көзқарастарын білдірді. Толығырақ алдағы сюжетте.

Е.ҚАРАШӨКЕЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін өңір басшысы Е. Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе талқыға түсті. Атап айтсақ: бірінші мәселе мал азығын дайындау барысы туралы болса, екінші мәселе жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген алқаптардың жай-күйі жайлы болды

УЧЕБНЫЙ БОЙ С РЕАЛЬНЫМ ПРОТИВНИКОМ

 

На полигоне Матыбулак Жамбылской области началось оперативно-тактическое командно-штабное учение «Айбалта-2024». Для участия в нем на юг Казахстана прибыли подразделения региональных командований «Юг» и «Восток». Каждая группировка войск представила на учение по две механизированные бригады. На учении они выступают друг другу противниками.