Полиция қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығымен» және еріктілермен бірлесіп, «Есірткісіз болашақ» ұранымен графит жазуларын алып тастау бойынша акциясын өткізді. Акцияның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларды күшейту болып табылады. Іс-шараға 700-ден астам адам қатысты.
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда республика Президентінің 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен белгіленген Еңбек күні жұмысшы кәсіптерін құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту және еңбектің маңыздылығын ерте жастан сезіну мақсатында атап өтіледі. Осыған байланысты Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері осы күнге арналған іс-шара өткізді. Толығырақ келесі сюжетте!
Бітпейтің бұқараның базынасы. Халық көтеретін мәселелер легі тоқтаусыз жалғасуда. Бұл жолы қараша ауыз судың жоқтығына налиды. Нақтырақ айтқанда ауыз су бар, бірақ ол ішуге жарамсыз, таза емес. Күнделікті халық қолданатын ауыз судың таза болмағаны бұқараның титығына тиіп отыр. Қанша жылдан бері шешімін таппаған бұл мәселе биыл нақты шешіледі ме? Жылдан жылға шешімсіз қалдырған өзекті ауыз су мәселесі жөнінде бұқара базынасын тыңдап қайтқан әріптесім Тахмина Тәліпжан тарқатады.
АЭС құрылысын салу мәселесін өңірдегі медицина мамандары да талқыға салды. Жамбыл облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының ұжымы да бұл мәселені қарастырды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Жамбыл облысында алдағы референдумға байланысты АЭС құрылысы туралы түсіндіру жұмыстары қарқын алуда. Осыған орай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров Жамбыл ГРЭС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Толығырақ келесі сюжетте!
Жамбыл облысында «Бекет-2024″кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды. Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жаттығуға қатысушылар дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде және қауіп-қатерлерге қарсы тұру кезінде түрлі сценарийлерді пысықтайды. Оқу-жаттығу Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін және орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен өтеді.
Продолжаются встречи акимов с населением. Очередную встречу сегодня продолжил аким города Бакытжан Орынбеков. Сегодня он встретился с жителями территориального округа №9 и прислушался к поднятым вопросам. Какие именно проблемы были обсуждены?
Сегодня в Таразе состоялось торжественное открытие международной выставки «HALAL EXPO-2024», организованной Центром «Халал Даму». Какова главная ее цель ? Подробности в следующем материале.
Проект «Одно село – один продукт» продолжает активно развиваться в Жамбылской области . Подтверждением тому служит открывшаяся сегодня в Таразе во Дворце молодежи выставка , где особое внимание было уделено поддержке малого и среднего бизнеса. Заместитель акима Жамбылской области Канатбек Мадибек провел встречу с представителями бизнес-сообщества, где обсуждались актуальные вопросы развития предпринимательства в регионе, меры государственной поддержки и перспективы сотрудничества.
Бүгін КСРО спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған дзюдодан 20 сыншы халықаралық турнир өз бастауын алды. Аталған жарысқа бақтарын сынау үшін 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер жиылды.