Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Қазақстан Республикасында орын алған төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің қалыпты жағдайын қамтамасыз етуде белсенділік танытып, қызметтік міндетін мінсіз атқарған мекеме қызметкері әділет капитаны Қуандық Байболат Ерболатұлының ата-анасы Қуандық Ерболат Абдрахманұлын батыл азамат тәрбиелеп, өсіргені үшін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Н.Қ. Рыспаевтың алғыс хатымен марапатталды. Күшейтілген режимде жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен өз кезегінде марапатталған қызметкерлер әрқашан отан үшін, халықтың амандығы үшін қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы жолында қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.
Елімізде орын алған қиын жағдайда көрсетілген батылдық пен батырлық біздің жадымызда мәңгі қалады және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің болашақ ұрпақтарына үлгі болады.
ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ-қа жауапты қызметкері
Қылмыстық дерек Тараздағы түзеу орындарының бірінде орын алған. Адамнан айла артылғанба…Темірдей тәртіп,қатаң қағиданы қатал ұстанатын ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінің ережесін бұзып, заңға томпақ келер әрекетке баратындар азаймай тұр. Ағымдағы жылдың 27 желтоқсан күні келіп түскен жедел ақпарат бойынша мекеменің жедел — режим бөлімінің қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің бақылаушыларының қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында көңілге күпті, күдікті заттар көзге ілінді. Қызметкерлер кіруге тиісті заттарды жіті тінту кезінде 55 дана болатын атауы жоқ белгісіз ақ түсті конфеттер анықталып, оларды ашу барысында қара қоңыр түсті спецификалық иісі бар зат тәркіленді. Атаулы сәлемдеме Тараз қаласы, Құмшағал ауылы, Үшқоңыр көшесі, 38/2 үйде тұратын, бұрын сотты болмаған 1966 ж.т. азамат Н.Е.Р.-дан ҚР ҚК 188б., 3т., бойынша сотталған Н.Ж.Д.-ге жолданыпты. Тәркіленген затты анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалып, маман қорытындысы бойынша тәркіленген зат 68,83граммды құрайтын «гашиш» есірткі заты анықталды.
Осы факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, қылмыстық іс қозғалды, азамат Н.Е.Р. ары қарай тиісті жазаға тартылу үшін ұсталып табысталды.
ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ
жауапты қызметкері
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке –Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр.
Жамбыл облысы бойынша Кылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға мекеме басшылығы, жеке құрам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Мерекелік жиында мекеме бастығы және оның орынбасары сөз сөйлеп ашып, іс-шараға қатысушыларды атаулы мейраммен құттықтады. Мерекеге орай, ерекше көзге түсіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар қызметкерлер мекеме бастығының грамотасымен марапатталды және де ынтымақтастық кезінде көмек көрсеткені , қызмет барысында жәрдемдескендері үшін Тараз қаласының 77-арнасының бас редакторы Созақбаева Перизат Қуатқызы және журналист Пралиева Айгул Бақбергенқызы марапатталды.
Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.
ЖД-158/7 мекемесінің КСБ бастығы
әділет майоры Ғ.Т. Құлымбетов
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай филармония өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аталған іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты-сотталғандарды мәдени құндылықтарға дәріптеу мен патриотизмді дамыту болып табылады. Концерттік бағдарлама барысында атақты қазақ а
қындары мен композиторларының ұлттық және патриоттық шығармалары айтылды. Мәдени шара соңында түзеу мекемесінің әкімшілігі және жазасын өтеушілер облыстық филармонияның өнерпаздарына концертті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
ЖД-158/7 мекемесінің САТЖБ
бастығы әділет капитаны
М.Құрманқұл
Осыдан он жыл бұрын қарашаның қара суығында Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алған болатын. Тараз көшелерінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтау кезінде жергілікті полиция қызметкерлері ерлікпен қаза тапты. Бүгінде бейбіт күннің батырларын еске алып отырғанымызға 10жыл болды. Ғазиз Байтасов, Полат Аянқұлов, Жақсыбек Байсейітов сияқты азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігі-Отан алдындағы қызмет етудің нағыз үлгісі.
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері жылда батырлардың рухына тағзым ету дәстүрге айналған қапияда қаза тапқан бейбіт күннің батырларын еске алып, қысқа метражды өмірбаяндарынан үзінділер көріп, ерлік елдікпен бірге мәңгі жасай беретінін ескеріп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
ЖД-158/7 мекемесінің КСБ бастығы
әділет майоры Ғ.Т. Құлымбетов.
«Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры», деп бекер айтпаған. Расымен, «балалы үй-базар, баласыз үй –қу мазар». Отбасы-шағын мемлекет болса, сол елдің келешегі-бала.
1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлем елдерінің бейбітшілігі мен балаларының есен-саулығын қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік балалар күні мерекесін тойлауды ұсынды. Содан бері жыл сайын 20-шы қараша күні бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Дүниежүзілік балалар күніне орай жазасын өтеушілер бала-шағасымен кездесіп, сыйлықтарын беріп құттықтады. Мекеме қызметкерлері де балаларды төл мерекесімен құттықтай отырып, баянды бақыт тіледі.
ЖД-158/7 мекемесінің САТЖБ бастығы
әділет капитаны М.Құрманқұл
Тараздағы түзеу мекемелерінің біріне белгісіз затты алып кірмек болған азаматша қолға түсті. Заңбұзушылық ЖД-158/7 мекемесінде ағымдағы жылдың 17 қарашасында 14:40 шамасында келіп түскен жедел ақпарат бойынша мекеменің режим бөлімінің қызметкері әділет сержанты Н.Досаеваның Тараз қаласы, Ұлбике ақын көшесі 2/2 тұрғыны 01.10.1978 ж. туылған, бұрын сотты болмаған, уақытша жұмыс істемейтін, ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жолдасы сотталған 22.10.1984жылғы ҚР ҚК 96б., 175т., 58б., 31т.-мен 13 жылға сотталған Т.А.Ж.-га ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматша М.З.К.-ны жіті тінту барысында оң жақ аяқ киімінің ішінен селофан пакеті анықталды, аталған пакеттің ішінен скочпен оралған қара қоңыр түсті, спецификалық иісі бар зат тәркіленді.
Аталған факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып ұсталған азаматша табысталды. Тәркіленген затқа сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Орын алған құқықбұзушылық бойынша тыйым салынған заттардың мекемеге ену арналарын анықтау мен жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Сондықтан, түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші жақындарына көмектеспек ниетте заңды бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертеміз және заң алдында барлық адам бірдей жауап береді, -деді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Рыспаев Нияз Қанатұлы.
ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ
жауапты қызметкері
Канада мен АҚШ-тың арасында теңізде жүрген жүк кемесі өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ақпарға қарағанда 52 тоннадай түрлі химикат алып бара жатқан су көлігінде бірнеше контейнер отқа оранған. Осыдан кейін кемеден 10 экипаж эвакуацияланып, 11 қызметкер қалған. Әзірге өрт толық сөндірілді ме жоқ па белгісіз. Қазір кеме мүйісте тұр. Экипаждың хабарына қарағанда кеме бұған дейін қатты толқынға тап болып, 40 контейнер теңізге құлап кеткен екен.
Пандемия кезінде аздап тыншыған еді, деп хабарлайды «Хабар 24». Енді кешеден бері елде наразылық шерулері қайта басталды. Жұрттың наразылығына бағаның өсуі түрткі болған. Еуропадағы энегретикалық дағдарыс француздарға да қатты тиіп тұр. Электр тарифі 14 процентке дейін өседі деген болжам бар. Жанармай да тіптен қымбаттап кетті. Бұрын соңды мұндай баға болмаған. Париж бекеттерінде 1 литр бензин 850 теңгеге дейін жеткен. Шерушілер үкімет бағаның өсуін тоқтатпайынша апта сайын шеру өткіземіз деп кіжініп отыр. Сары жейделілердің бас көтеруі осыдан үш жыл бұрын бензинге салықтың өсуі себепті пайда болған. БЛИЦ: – Біз 2018 жылдан бері әлеуметтік теңдікті талап етіп келеміз. Ұстанымымыз әлі өзгерген жоқ. – Сары күртешелілер толқуы кезінде бензин бағасының өсуінен туған еді. Қазір жағдай тіпті нашарлады. Өйткені жанармайдан бөлек электр энергиясы, газ және тұрмысқа аса қажетті тауардың барлығы қымбаттады. Сондықтан біз күресімізді жалғастыра береміз.
Қазақстан қор биржасындағы қорытынды сессияда бір доллардың орташа бағамы 426,32 теңге болды.