Қоңыртөбе ауылында жаңа медициналық пункт бой көтерді. Республика күніне орай Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қоңыртөбе медициналық пункті ел игілігіне берілді. Бой көтерген жаңа нысан ауылдағы 225 тұрғынға қызмет етеді.
25 қазан республика күні. Айтулы датаны атап өту үшін бүгін арнайы Баласағұн орталық концерт залында республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға арнайы аймақ басшысы Е.Қарашөкеев те қатысты.
25 қазан – республика мерекесі қарсаңына Аманат партиясы қоғам белсенділерін марапттау үшін арнайы шара ұйымдастырды, Шарада өңірге белгілі белсенді азаматтарды төсбелгілермен марапттады.
25 қазан республика күні. Ел үшін маңызды күн өңірде бар сән салтанатымен өтуде. Мәселен бүгін Ш.Мұртаза атындағы халықаралық тараз инновациялық институтында «Отаным-бақыт ордасы» атты жиын өтті. Мерекелік шарадан толығырақ тілші материалы.
Биыл Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллин ге 130 жыл толып отыр.
Республика күні қарсаңында Қордай ауылында жаңадан салынған Өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді. Айтулы шара сондай-ақ Құтқарушылар күнімен тұспа-тұс келіп, мерекелік көңіл-күйде өтті.
Биыл көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы тұста бүгін оқушылырға арналған «Бердібек – қазақтың дара жазушысы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Ноғайбай Дәулетбайұлы – қазақ халқының тарихында ерекше орын алған би, шешен әрі батыр. Ол қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келіп, өмірінің соңына дейін туған жерінің саяси және қоғамдық өмірінде белсенді рөл атқарған азамат.
Абай атындағы орталық кітапханасында Республика күніне орай «Мәңгілік жаса – Қазақстаным» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.Толығырақ келесі бейнематериалда.
Бүгін ғасырдан аса уақыт бойы жарық көрген «Знамя труда» газетінің 105 жылдығына орай салтанатты басқосу өтті. Бұл шараға өңірдің ардагер журналистері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері және баспасөз саласының өкілдері қатысты.Өткеніменен бүгінгі күннің куәсіне айналған газеттің мерейлі кеші қалай өтті ? Толырақ әріптесім Фархат Қаумен тарқатсын.