16 Ноя 2026, Пн

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫ «ӘУЛИЕАТА ҮМІТІ» СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Таразда «Әулиеата үміті» жастар сыйлығынының марапаттау салтанаты өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов қатысып, түрлі аталым бойынша үздік шыққан жастарды марапаттады. «Әулиеата үміті» сыйлығы Жамбыл облысында әртүрлі салада жетістікке жеткен 14-29 жас аралығындағы жастарды ынталандыру мақсатында 2019 жылдан бастап беріліп келеді. Биыл сыйлыққа 15 номинация бойынша халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың, байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, қоғамдық өмірге белсенді араласқан шығармашыл жастар ие болды.

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ «ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАРДЫҢ БІР КҮНІ

https://www.youtube.com/watch?v=wFYoQEI-zuA

Бүгінгі таңда өкінішке қарай елде балалар аутизмінің өсуі байқалады. Мемлекет өз кезегінде осындай отбасыларға барлық қолдау көрсетуге тырысады. Осылайша, 2020 жылдың қыркүйегінде Таразда аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған «Мен ерекше» күндізгі бөлім орталығы ашылды. Бүгінгі таңда мекемеге 30 ерекше бала барады. Айта кетейік, барлық қызмет түрлері тегін.

ҚЫЗЫҒЫ МОЛ КӨРМЕ

Шу ауданына қарасты С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Тәуелсіз елдің жас өрендері» атты мектеп оқушылары арасында көрме ұйымдастырылды. Бұл атаулы мектепте «Қастеевтің ұрпақтары» атты  32 өнерлі оқушыдан құралған үйірме жұмыс жасайды. Толығырақ тілші тарқатады.

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Талас ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың және жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Іс-шараның алғашқы күндері Талас ауданы Ақкөл ауылы көшелерінде патрульдік полиция инспекторларымен жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін «Мерседес бенц 200» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Жеке басын анықтау барысында Сарысу ауданының тұрғыны екендігі белгілі болды.  Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізушінің «жеңіл» дәрежедегі мас күйінде болғаны расталды. Жүргізушіге қатысты қылмыстық кодекстің 608-бабынының  1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Талас аудандық сотына жолданды. Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Жамбыл облысы Полиция департаменті көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді және азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

В ТАРАЗЕ ФУНКЦИОНИРУЕТ ЖАМБЫЛСКИЙ ФИЛИАЛ РОО «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ»

С мая  текущего года в Жамбылской области работает филиал республиканского общественного объединения «Сенімен Болашақ». Свою миссию организация видит в формировании осознанного родительства, воспитании детей на основе национальных ценностей и создании площадки, где родители и педагоги вместе могли бы решать проблемы подрастающего поколения. Об этом и других вопросах института семьи, задачах и проектах объединения мы поговорили с директором областного филиала  объединения Дауреном Багжановым .

ЗА ГОД ОКАЗАНО 1 859 287 ГОСУСЛУГ

По итогам 2022 года через ЦОН-ы оказано 1 859 287 государственных услуг, в том числе 1 125 560  через секторы самообслуживания. В настоящее время, востребованы у населения государственные услуги по регистрации автомобилей, выдаче водительских прав, дубликатов номерных знаков,  регистрации недвижимого имущества, выдаче актов на отвод земли, оформление техпаспорта и назначению социальных выплат. Об этом сообщили в ходе сегодняшнего брифинга.

РЯДЫ ПАРТИИ «AMANAT» ПОПОЛНИЛИСЬ

https://www.youtube.com/watch?v=M9ZVD359EZU

Партия «AMANAT» — ведущая политическая организация, которая не остается в стороне от различных процессов в стране, занимается реальными делами, живет нуждами страны. Главный принцип ее новой политической платформы-человек, общество и государство. В своей деятельности Партия руководствуется этими позициями. Задача ясная, и ряды этой партии пополняются ежегодно. Сегодня состоялся очередной торжественный прием новых партийцев, было принято около 200 граждан.

ГРУППА ВЫМОГАТЕЛЕЙ ЗАДЕРЖАНА В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

 

6 декабря текущего года в полицию города Тараз с заявлением о факте вымогательства обратился 26-летний житель областного центра. Мужчина сообщил, что некие лица путем шантажа еженедельно вымогают у него денежные средства в сумме 300.000 тенге за нераспространение компрометирующей информации. Всего у потерпевшего потребованы деньги в размере 2 000 000 тенге. В ходе  проведения оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками УБОП Департамента полиции Жамбылской области при получении денежных средств в размере 200 000 тенге установлены и задержаны 28-ми и 29-летние местные жители. По данному факту начато досудебное расследование по статье 194 части 2 УК РК. Вещественные доказательства изъяты. Задержанные дали признательные показания. 29-летний подозреваемый водворен в изолятор временного содержания города Тараз. В отношении его соучастника избрана мера пресечения «Подписка о невыезде». Установлено, что оба задержанных ранее привлекались к уголовной ответственности.

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ТОП ҰСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Тараз қаласының Полиция басқармасына бопсалау туралы  облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол өзінен қорқыту  арқылы апта сайын екі азаматтың әшкерелеуші ақпаратты жарияламау үшін 300 000 теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын хабарлады. Жәбірленушіден барлығы 2 000 000 теңге көлемінде ақша талап еткен. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының  қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызданушыдан кезекті рет 200 000 теңге көлемінде қаражатты алу кезінде 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар анықталып, ұсталды.  Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  194-бабы  2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның серіктесіне қатысты «ешқайда кетпеу  туралы» бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілердің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

 

ӨЗ БЕТІНШЕ ҚЫЗМЕТ АЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ 11 %-КЕ ӨСКЕН

2022 жылдың қорытындысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1 859 287 мемлекеттік қызмет, соның ішінде 1 125 560 өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы көрсетілген. Бір жыл ішінде мемлекеттік корпорация тарапынан  азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша өз бетінше қызмет алған азаматтардың саны 11 % -ке өскен. Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды.