Тараз гарнизонында байланыс полкінің мерзімді қызмет сарбаздарының қызмет ету мерзімі аяқталды. Іс-шара сарбаздарды құрметтеу және оларға естелік сыйлықтар мен грамоталар тапсыру түрінде өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде қалыптасқан әскери дәстүр бойынша қызмет өткерген сарбаздарды әрдайым құрметпен шығарып салады.
Республика күніне орай мемлекетке еңбегі сіңген кардиохирург Сейітхан Жошыбаев Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлынан марапат алды. Еңбегі еленген тұлға жайлы толығырақ әріптесім тарқатсын.
Бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында өңір басшысы Е.Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиында Облыстың 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және бюджеттің атқарылу мәселесі көтерілді.
Жамбыл облысында полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес бойынша тоқтаусыз ауқымды жұмыстар жүргізуде, ол тек дәрістер мен семинарлармен ғана шектелмейді. Студенттер мен оқушылар түрлі спорттық жарыстарға қатысып, бұқаралық спортқа атсалысуда.
Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке. Президентіміздің бастамасымен кейінгі жылдары ұлттық мерекелер тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Дәл осы айшықты мерекені Шу ауданы да атап өтті.
Жамбыл облысының 85 жылдығы мен Республика күніне орай елімізге танымал мүсінші, академик Аманат Назарқұлдың «Ұлы түрік шыңы» атты сурет көрмесі өтті. Толығырақ көрмеге қатысып қайтқан әріптесім Фархат Қаумен тарқатсын.
Еліміз үшін айшықты мереке республика күніне орай іс-шаралар легі жалғасын тапты. Кезекті шараны мерекеге орай салтанатты түрде мемлекеттік ту көтеру рәсімі жалғады. Бұл күні шараға арнайы қала тұрғындары мен ардагерлер, жастар және қоғам қайраткерлері жиналды.
Республика күні қордай ауданында аталып өтті. Мереке қарсаңында Қордай ауылында санитарлы-эпидемиологиялық бақылау бюросы жаңа зертханасының салтанатты ашылуы өтті.
Республика күні шаһарда бар сән салтанатпен аталып өтілді. Мерекеге орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай қаланың дамуына үлес қосып жүрген білікті мамандарды құттықтап, олардың ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдіріп, сала үздіктерін арнайы төсбелгілермен марапаттады.
Республика күні өңірде бар сән салтанатымен аталып өтілуде. Дәл осы ел үшін маңызды мерекеде Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Жаңаөткел ауылында кіші футбол алаңы пайдалануға берілді.