16 Ноя 2026, Пн

Жаңалықтар

2022 ЖЫЛЫ ОБЛЫС СОТТАРЫМЕН 17 413 АЗАМАТТЫҚ ІС АЯҚТАЛҒАН

Былтыр облыс соттарымен 17 413 азаматтық іс аяқталған. 297-ден астам іс бітімгершілік келісім жасаумен, 2767 іс медиацияны қолданумен, партисипативтік рәсім тәртібімен 13 іс қаралған. Барлығы 5649 дау балама тәсілдермен шешілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Толығырақ адағы бейнематериалда.

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР-ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Облыстық білім білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек өңірдің үздік педагогтарының басын қосып, ашық диалог алаңын өткізді. Жиынға өңіріміздің білім саласына үлкен үлес қосып жүрген 90 үздік педагог қатысты. Сондай-ақ бүгінгі күні аймақтағы орта білімнің ахуалы жөнінде тұшымды пікірлер айтылып,  саланы дамыту бойынша шебер ұстаздар шеберліктерін ортаға салды. Толығырақ тілші тарқатады.

КЕҢЕЙТІЛГЕН ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2022 жылғы 9 ай қорытындысымен 1664,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,1% деңгейінде қалыптасты. Осылай деген экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басышысы салада оң динамика қалыптасқанын айтты. Әрине бұл турасында облыстық меже орындалғанымен ауданға шаққанда кетік тұстар аян болады. Мәселен, аудандар шегінде құрылыс жұмыстарының көлемі Сарысу , Мойынқұм  аудандары мен Тараз қаласы бойынша төмен болып отыр. Бұл жөнінде кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі жауаптылардан жауап алды.

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТУРНИРДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Жауынгерлік жалынмен және салауатты бәсекелестік жағдайында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасында қазақ ұлттық күресінен іріктеу турнирі өткізілді. Жарысқа бригаданың 50 әскери қызметшісі қатысты. Турнирде аға жауынгерлермен тең дәрежеде мерзімді қызмет сарбаздары да бақ сынады.