16 Ноя 2026, Пн

Жаңалықтар

АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының 50 жастағы тұрғыны белгісіз адамның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 миллион теңгеге жуық ақшасын иемденіп кеткенін хабарлаған.  КТМ: Әлеуметтік желі арқылы хабарласқан күдікті банк қосымшасымен тауарлық несие рәсімдеп беретінін айтқан. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті Жамбыл облысына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

МАС ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

 

Талас ауданының полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде автокөлікті мас күйінде басқару фактісін анықтады. Полиция қызметкерлері Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде  жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 32 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВМW 520» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары бұзушының мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адамның жеңіл дәрежедегі мас күйде болғаны расталды. Сонымен қатар, жүргізуші 2021 жылдың мамыр айында сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

 

Н.НУРЖИГИТОВ: МЕХАНИЗМ ВЫДАЧИ ЖИЛЬЯ И УЧАСТКОВ ДОЛЖЕН БЫТЬ ПРОЗРАЧНЫМ И ПОНЯТНЫМ

Состоялось расширенное заседание  по вопросам развития  города Тараза с участием главы региона Нуржана Нуржигитова. Аким Тараза Бакытжан Орынбеков доложил об итогах социально-экономического развития областного центра, отдельно остановился на ходе реализации Плана развития города до 2025 года и планах на предстоящий период.По итогам 2022 года обеспечен рост в сфере промышленности на 9,5%,  сельского хозяйства – на 3%,  обеспечения жильем – на 5,4%, инвестиций – на 7,5%.  В 2022 году начато строительство 71 жилого дома на сумму 20,9 млрд. тенге, из них сданы в эксплуатацию 25. В прошлом году в рамках Плана развития трудоустроено 16 726 человек.

«ПАЙДАЛЫ COFFEE TIME» В «JUSAN BANK»

В областном центре стартовала серия регулярных встреч с предпринимателями в формате кофе-тайм. Цель таких встреч – общение, обсуждение важных тем бизнеса, обмен опытом и предпринимательскими историями.  Иницирован был проект «Пайдалы coffee time» успешной предпринимательницей региона, представительницей  Международного центра развития человека «САМО» в Таразе Аминой Кайназаровой и сотрудниками «JUSAN» банка.

МИНОМЕТНЫЙ ВЗВОД – ЭТО СИЛА!

На полигоне Айша Биби Жамбылской области свои огневые задачи выполнили минометные подразделения регионального командования «Юг». Практические стрельбы состоялись в рамках очередного этапа боевой подготовки. Сейчас в Сухопутных войсках отрабатывается боевое слаживание взводов.

В РАМКАХ ПРОЕКТА ПО ПОВЫШЕНИЮ ДОХОДОВ НАСЕЛЕНИЯ БЫЛО СОЗДАНО 805 НОВЫХ РАБОЧИХ МЕСТ

В Жамбылской области в 2019-2022 годах в целях реализации проекта по повышению доходов населения было выделено 18,3 млрд. тенге, на которые выданы удешевленные кредиты 4353 семьям в 24 сельских округах региона. Об этом и результатах проекта сообщили в ходе сегодняшнего брифинга.

«ПАЙДАЛЫ COFFEE TIME» ЖОБАСЫ

Облыс орталығында кәсіпкерлермен тұрақты кофе-тайм кездесулер сериясы басталды. Мұндай кездесулердің мақсаты — қарым-қатынас, маңызды бизнес тақырыптарын талқылау, тәжірибе және кәсіпкерлік әңгімелер алмасу. «Paydaly coffee time» жобасына облыстың табысты кәсіпкер әйелі, «SAMO» халықаралық адами даму орталығының Тараз қаласындағы өкілі Әмина Қайназарова және «JUSAN» банкі қызметкерлері бастамашы болды.

МИНОМЕТШІЛЕР АТЫС ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАДЫ

Жамбыл облысындағы Айша бибі полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты миномет бөлімшелері атыс тапсырмаларын орындады. Жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі аясында практикалық атыс өтті. Қазір Құрлық әскерлерінде взводтарды жауынгерлік үйлестіру жұмыстары пысықталуда.

ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру мақсатында өңірімізде іске асып жатқан пилоттық жобаға 3 жылдың ішінде 18,3 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде өңірдегі 24  ауылдық округтегі 4353 отбасыға жеңілдетілгенн несиелер берілді. Елімізде алғаш болып жүзеге асып жатқан бұл жоба жамбылдықтарға расында тұрмысын тіктеу үшін демеу болды. Жылдық нәтижесі де көңіл қуантады. Өткен жылдың қорытындысымен биылғы жылдың жоспарын ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері баспасөз алаңында айтты. Толығырақ тілші тарқатады.

ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ЖЕР ТЕЛІМІН БЕРУ ТЕТІГІ АШЫҚ ӘРІ ТҮСІНІКТІ БОЛУЫ ТИІС, — Н. НҰРЖІГІТОВ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен Тараз қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.Басқосуда  қала әкімі Бақытжан Орынбеков әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндап, 2025 жылға дейінгі қаланың даму жоспарының орындалу барысы мен алдағы жұмыстарға тоқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығының өнеркәсіп саласындағы өсім 9,5 пайызды, ауыл шаруашылығындағы өнім 3, пайдалануға берілген тұрғын үй құрылысы 5,4, инвестиция 7,5 пайызға артқан. Жалпы құны 20,9 млрд. теңге болатын 71 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынып, оның 25-і пайдалануға берілген. Даму жоспары бойынша 16726 адам жұмыспен қамтылды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.