21 Июн 2025, Сб

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 25 БАС ЖЫЛҚЫНЫ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі саласы болып қала береді. Ал ауыл-аймақтарда үй жануарларын ұстау – жалғыз табыс көзі десек те болады. Алайда оңай пайда табуды көздейтіндердің кесірінен кейбір отбасылар қиын жағдайға тап болып жатады. Жалпы Жамбыл облысында мал ұрлығы тыйылар емес. Алайда тәртіп сақшылары қылмыстың бетін ашып, барымташыларды ұстауға атсалысуда. Мәселен,  Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында былтырғы жылы орын алған мал ұрлығы қылмысын ашты. Полицейлер өткен жылғы 15 желтоқсанға қараған түні жалпы құны 11 миллион 550 мың теңгені құрайтын 25 бас жылқыны ұрлаған 52 жастағы Талас ауданы Ақкөл ауылының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жылқыларды Шу ауданы Алға ауылына қарасты жайылымнан жасырын түрде айдап әкеткен. Алайда мал иелері бұл туралы полицияға тек бір жарым ай өткен соң ғана хабарлаған.

КӨРСЕТКІШ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

Бүгінгі тағайындаудан кейін облыс әкімі аппарат кеңесін өткізді. Талқыланған мәселе облыстың 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 9 айдағы болжамдық көрсеткіштер. Алдымен аймақ басшысы 2 айлық сенбіліктің өткен аптадағы жұмыстарын қозғап өтті. Бұл жолы қызметкерлер емес,қызметкерлер тазалаған аумақтың үйілген қоқысын жауапты «Жасыл ел» мекемесі шығармаған. Аймақ басшысы облыс көлеміндегі ат үсті атқарылып жатқан тазалық жұмыстарын сынға алды.Содан кейін күн тәртібіндегі мәселелерге көшті. Толығырақ тілші тарқатады.

ТАНКИСТЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Танкистер күні атап өтілді. Танкистер күні – жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін танкистер мен танк жасаушылардың кәсіби мерекесі. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталығы арқылы екі қолға бір күрек тапқан жандардың саны артып келеді. Оқу ордасын енді ғана тәмәмдап жұмыс іздеп орталық арқылы білдей маман атанып отырған жастар мемлекет тарапынан ұсынылған мол мүмкіндіктерге риза.Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ШЕТЕЛДЕН ӘКЕЛІНГЕН КӨЛІКТЕР ҚАШАН ЗАҢДАСТЫРЫЛАДЫ?

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру міндетін жүктеген болатын. Қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдауда.Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді.Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейтін болады.Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды.

НАЗНАЧЕН НОВЫЙ АКИМ ТАЛАССКОГО РАЙОНА

По согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан и Таласским районным маслихатом распоряжением акима Жамбылской области Жунисбеков Нурбол Абдимажитович назначен акимом Таласского района.Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов представил активу района нового акима, пожелал успехов в работе и дал ряд поручений.

КОГДА БУДУТ ЛЕГАЛИЗОВАНЫ ВВЕЗЕННЫЕ В КАЗАХСТАН ИНОМАРКИ?

Глава государства поручил до 1 сентября текущего года легализовать ввезенные в Казахстан иномарки. В связи с этим государственными органами принимаются все необходимые законодательные и организационные меры. Разработаны поправки в Экологический и Налоговый кодексы. За первичную регистрацию граждане оплачивают лишь сбор в размере 200-250 тысяч тенге. Об этом сообщили на сегодняшнем брифинге.

ПОКАЗАТЕЛИ НЕ БЛЕЩУТ

Сегодня же состоялось аппаратное совещание. На повестке дня – показатели социально-экономического развития области за 8 месяцев и прогнозные показатели за 9. Сначала глава региона затронул ход работ 2-х месячника по санитарной очистке и благоустройству области за минувшую неделю. Он  подверг резкой критике работу предприятия «Жасыл Ел» по вывозу мусора.  Подробнее расскажем в следующем материале.

МОЛОДЕЖЬ НАХОДИТ РАБОТУ

На сегодня все больше  увеличивается число людей ,  нашедших себе работу через центры занятости населения .  Хорошую возможность покинуть ряды безработных      имеет и молодежь. Эта поддержка идет со стороны государство посредством различных программ.