16 Ноя 2026, Пн

Жаңалықтар

ВОЗЛОЖЕНИЕ ЦВЕТОВ К ПАМЯТНИКУ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА

Сегодня  День рождения Жамбыла Жабаева. В связи с этим жамбылцы возложили цветы к памятнику поэта. В мероприятии приняли участие глава региона Нуржан Нуржигитов и аким города Бакытжан Орынбеков, а также общественные деятели и представители интеллигенции.

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Алғыс айту күніне орай қызметіне адалдық танытып жүрген полиция қызметкерлері мен ата –аналарына облыстық ПД –нің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин ерекше алғыс білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін қазақ поэзиясындағы алар орны ерекше ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаевтың туған күні. Жыр дүлдүлінің туған күніне орай аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков және зиялы қауым өкілдері Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ҰСТАДЫ

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер автокөлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады. Күні кеше Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған  52 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы  «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары көлік жүргізушісінің  мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адамның мас күйінде болғаны анықталды.Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ, Б. Момышұлы ауылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде «Лада» маркалы автокөлікті басқарған 32 жастағы ер адамды ұстады, оның  сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық құқық 34-бабының  1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ЖАМБЫЛСКИЕ ПОЛИЦЕЙСКИЕ ВЫЯВИЛИ ЦЕХ ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ЗОЛОТОСОДЕРЖАЩЕЙ РУДЫ

Сотрудниками отдела криминальной полиции Мойынкумского района в ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий в хозяйственной пристройке частного дома, расположенного на одной из улиц села Акбакай, выявлен мини-цех по незаконной обработке сырья, содержащего драгоценные металлы. При проверке обнаружены и изъяты самодельная шаровая дробилка, 3 пластические бутылки с жидкостью, похожей на ртуть, канистра с азотной кислотой, 2 мешка с золотосодержащей рудой, общим весом 116 килограммов. По данному факту начато досудебное расследование по статье 295-1 части 1 УК РК. Сотрудниками полиции по данному факту установлен и задержан 28-летний местный житель. В отношении него избрана мера пресечения в виде подписки о невыезде.  В настоящее время ущерб, причинённый государству, устанавливается. Назначен ряд необходимых экспертиз.

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА 6 ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар ірі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты. Алдымен «Жамбыл цемент» өндірістік компаниясы ЖШС-не барған аймақ басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды.