16 Ноя 2026, Пн

Жаңалықтар

Н.НҰРЖІГІТОВ — ӨТКЕН ЖЫЛЫ ТАЛАСТА БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС АТҚАРЫЛМАҒАН

Өткен жылы Талас ауданында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 30,7 пайызға төмендеген. Дегенмен, бұл көрсеткішке сүйеніп, қылмыстың барлығы дерлік азайды деуге келмейді. Мәселен, мал ұрлығы, жастар арасындағы құқық бұзушылықтар әлі күнге тыйылмай тұр. Осындай деректер «сенім маршруты» акциясы аясында облыс әкімі және облыс прокурорының қатысуымен өткен жиында айтылды. Шешу жолдары қоса талқыланды. Сондай-ақ басқосуға құқық қорғау органдарының басшылары мен аудан әкімдігінің активі және жергілікті тұрғындар да қатысты. Толығырақ тілші тарқатады.

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

Талас ауданына жұмыс сапары барысында Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Бостандық және Аққұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға облыс прокуроры мен құқық қорғау органдарының басшылар да қатысты. Тұрғындар әкіммен кездесуде көкейкесті сұрақтарын қойып, талап-тілектерін айтты. Қордаланған мәселелерді қағазға түртіп алған аймақ басшысы әр мәселеге жүйелі жауап беріп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Толығырақ тілші материалында.

БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ

Таразда, жалпы ел бойынша 3 наурыздан бастап қарыздарын өтеу мүмкін болмағандықтан өзін банкрот деп жариялауға шешім қабылдаған азаматтардан өтінімдер қабылдау басталды. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң үш рәсімді қамтиды Олар — соттан тыс, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Өтініш онлайн режимінде де, тікелей халыққа қызмет көрсету орталықтарында да беріледі.

ЖАМБЫЛДА «ПОЛИЦИЯ БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Жамбыл облысы полиция қызметкерлерінің арасындағы қазақ күресінен «Полиция барысы» турнирi өз мәресіне жетті. Тартысты бәсеге Тараздағы «Динамо» спорт кешенінде өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ВОДОСБЕРЕГАЮЩИХ ТЕХНОЛОГИЙ-ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ

В целях предотвращения  дефицита воды в области в прошлом году водосберегающие технологии  внедрены на  50,9 тыс.  гектарах земли.  В  этом  планируется довести  до 57,0 тыс. га.С учетом того, что в последующем, наряду с поливной  водой сокращались и грунтовые воды , прошло время  полива старым  способом, когла  заполняли арычную систему водой целиком.Если мы  не будем внедрять новые технологии, то мы не можем получать  ожидаемый урожай.  Эти и другие вопросы были рассмотрены  на  специальном совещании, посвященном вопросам финансирования и путей совершенствования  ирригационных систем.

СТАРТОВАЛА ВЕСЕННЯЯ ПРИЗЫВНАЯ КАМПАНИЯ

Сегодня под председательством первого заместителя акима области Нуржана Календерова прошли встреча по подведению итогов призыва на осеннюю срочную воинскую службу 2022 года и постановке задач на весенний призыв этого года, а также «День открытых дверей» с целью воспитания у молодежи военно-патриотических чувств к защите Родины.

 

«МАРШРУТ ДОВЕРИЯ» В ШУСКОМ РАЙОНЕ

По поручению главы государства представители компетентных органов  все активнее встречаются с населением. К примеру ,  Маршрут доверия инициированный прокурором области  уже  побывал  в Шуский район, где вместе с акимом данного региона  Бахытжаном Жанибековым  они провели ряд разъяснительных мероприятий.   

КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен 2022 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруды қорытындылау және 2023 жылы көктемгі әскерге шақыруға міндеттер қою жөніндегі әдістемелік-нұсқау бойынша сабақ өтіп, сондай-ақ, жастардың Отанды қорғауға деген әскери-патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

СУДЫ ҮНЕМДЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Су тапшылығын еңсеру жолында облыста өткен жылы су үнемдеу мақсатында 50,9 мың технология енгізілген. Ал биылғы жылы су үнемдеу технологияларын 57,0 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Кейінгі кезде ағын сумен қатар, жерасты сулары да азайып бара жатқанын ескерсек, егістікті арықты суға толтырып, жаппай жайып суаратын ескі тәсілдің уақыты өтті. Арқаны кеңге салып жүре берсек, жаңа технологияны енгізбесек, егістіктен күтілгендей өнім ала алмайтынымыз тағы бар. Осыған орай, бүгін суару жүйелерін алудың жолдары мен қаржыландыру мәселелеріне байланысты арнайы жиын өтті.