На сегодня поддержки от государства при поисках работы молодежью немало. Особенно дают о себе знать результаты проекта по молодежной практике. В этом убедились и наши корреспонденты , встретившись с реальными получателями выгоды от нее. Подробнее в материале.
Облыс әкімінің жергілікті тұрғындармен кездесуі жалғасуда. Бұл жолы Нұржан Нұржігітов Жамбыл ауданындағы Ақбастау, Айша бибі ауылдық округтерінің жұртымен кездесу жасап,талап-тілектерін тыңдады. Шаруашылығы дөңгелеген аудан тұрғындарының мәселесінің көбі су каналдарының күрмеулі тұстарына қатысты болды.Сондай ақ аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, мәселелеріне құлақ түрді. Толығырақ тілші толықтырады.
Жамбыл облысында пияз жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінге дейін жиналған пияздың көлемі 1 миллион тоннадан асады. Атаулы өнімнің көбігі көзді ашытқанымен, биылғы жиын көрсеткіші көңілді қуантады. Еліміздегі пияз көккөнісінің 75 пайызы Жамбыл облысында өндіріледі. Ал, аймақ шаруалары биыл өткен жылғы науқанға қарағанда көбірек өнім жинап, рекорд жаңартпақ.Толығырақ тілші материалында.
Бүгін аймақ басшысы Н.Нұржігітов М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің студенттері және оқытушыларымен кездесіп,ҚР Президентінің жолдауына қатысты дәріс оқыды. Жиында облыс әкімі Президент жолдауының өңірімізде орындалуын ,мемлекеттік қызмет пен үкімет саясатының маңызды бағыттарын айшықтады.Шара барысында студенттер облыс әкіміне сауалдарын жолдап,жауап алды.Толығырақ келесі сюжетті көріңіз.
«Айбалта-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әскери полигонда «Оңтүстік»өңірлік қолбасшылығының тау-кен-қорық бөлімшесімен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті. Әскери бөлімнің жеке құрамы өзінің оқу-жауынгерлік міндеттерін Терісбұлақ полигонында орындады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Әйел денсаулығы – қоғам саулығының кепілі. Ана денсаулығы еліміздің болашақтағы демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс салаларының негізін құрайды. Бүгінде біздің емханаларда көмекке жүгінетіндерге қандай ем түрлері қолжетімді? Арна тілшілері 20-да астам бағытта қабылдайтын дәрігерлер жұмыс істейтін № 2 қалалық емханаға арнайы барып, жұмысымен танысты. Толығырақ сюжеттен көріңіз.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында елордамыз Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтіп, онда партия Төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Бүгін облыстық филиалда талқылау жиыны өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалды.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар аз емес. Солардың бірі- екі қолға бір күрек іздеген тәжірибесі жоқ жастарды мемлекет есебінен орналастыру. Өздерінізге мәлім «Жастар практикасы» жобасы аясында жұмыссыз жастар өз мамандықтары бойынша қызмет етіп келеді.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Облыстық білім басқармасы «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру» орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейбол, үстел теннисі және шағын футболдан спартакиада өтті. Спорттық шараға аймақтың 8 ауданынан іріктеліп келген мұғалімдер командасы қатысты. Іс-шара несімен ерекшеленді? Марапат қандай ? Сюжеттен көріңіз.
Ана денсаулығы еліміздің болашақтағы демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс салаларының негізін құрайды. Сондықтан да, ана мен баланы қорғау еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде басым бағыт болып табылады. Баланың өмірге келуі әр отбасы үшін қуаныш қана емес, сонымен бірге жауапкершілік. Аналардың денсаулығы мен баланың аман-есен дүниеге келуін бақылайтын қалалық «Жанұя» емханасы.