«Достық» үйінде Республика күніне орай «Әралуандылық арқылы бірлікке» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, облыстық Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қаламыздың тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Бұл жолы жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Талас, Шу, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Шайқорық ауылында «Ауылым-алтын бесігім» атты ауылдық округтер арасында өнер фестивальі өтті. Аудандық шараға Жамбыл, Бектөбе, Айша бибі ауылдық округтерінің өнерпаздары қатысты.Сонда- ақ, іс-шара алаңында спорттық жарыс та ұйымдастырылды. Толығырақ тілші тарқатады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Осы орайда, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артты. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие бола алады. Ал барлық шығын мемлекет есебінен төленеді. Бағдарламаның жүзеге асуы, қатысу шарттары және жолдама алу туралы толығарақ алдағы бейнематериалда.
Коллектив художественной самодеятельности Регионального командования «Юг» в честь Дня пожилых людей провел концерт в Центре оказания специальных социальных услуг № 2 города Тараз. В дом, где живут пожилые люди, музыканты военного оркестра приехали порадовать ветеранов живой музыкой. В исполнении военных музыкантов для постояльцев Центра звучали как современные композиции, так и старые знакомые мелодии.
Шаһарымызда алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Алматы декларациясының 44 жылдығына және Астана декларациясының 4 жылдығына арналған «алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар» халықаралық конгресі басталды.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Сарысу ауданы қос бағытта қарқынды дамып келе жатқан өңір. Бірі – ауыл шаруашылығы болса, екінші бағыты – өнеркәсіп саласы. Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында оң динамика қалыптасқан. Бұл туралы аудан әкімі баспасөз брифингінде баяндады.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау көрсеткіштерін, балалардың дамуы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алғашқы медициналық-санитарлық көмекті патронаждаудың әмбебап прогрессивті моделі енгізілген болатын. Бұл модельді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ ұсынған. Жаңа модель әдіснамасына сәйкес, балалар арасында өлім мен сырқаттанушылықтың төмендеуіне әсер ететін негізгі факторлар — ерте анықтау, антенаталдық бақылау, жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалардың үйіне бару болып табылады.
Құтқарушылар күніне орай Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Жас құтқарушы» клубының оқушыларымен және еріктілердің қатысуымен ашық есік күні өткізілді. Толығырақ сюжет сөйлесін.
Бүгін Татарстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының және компаниялардың 10-нан астам өкілдері байланыс пен ынтымақтастық орнату мақсатында халықаралық іскерлік миссия аясында Тараз қаласына келді. Тараптардың кездесуі «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.