16 Ноя 2026, Пн

Жаңалықтар

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕР БИЫЛ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕ МЕ?

Шаһардағы су жаңа облыстық онкологиялық диспансер биыл да өңір тұрғындарына қызмет етпейтін түрі бар. Құрылысы 5 жыл бұрын басталған аурухана биыл көкек айы келмей тұрып, қолданысқа берілуі керек болған. Дегенмен, мердігерлердің салғырт жұмысынан тағы кеш қалып отыр. Айналасындағы абаты қурап, заманауи жабдықтары әлі күнге жеткізілмеген. Ауруханаға арнайы келген аймақ басшысы осындай шикіліктерді өз көзімен көріп, мердігерлердің жұмысын сынға алды. Сондай-ақ кеткен кемшіліктердің тез арада орнын толтыруды тапсырды.

ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Бүгін Таразда атақты композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 98 жылдығына орай «Күй атасы- Нұрғиса» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараның өтуіне Халық әртісінің есімі берілген көпбалалы және аз камсыздандырылған отбасы балаларына арналган мектеп-интернаты мұрындық болды.

«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Облыстық білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен мектептен тыс іс- шараларды өткізетін облыстық орталығының базасында 7-11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында «Ғылыми шығармашылық және инновация дене шынықтыру және спорт маманының кәсіби құзыреттілігі мен тәжірбиесін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Конференция аясында еліміздің басқа қалаларынан да мамандар ат шаптырып келді.

ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ ОБЛАСТНОГО ЭТАПА КОНКУРСА «ЛУЧШИЙ ТОВАР КАЗАХСТАНА»

Второй день международного экономического и инвестиционного форума «Zhambyl Economic and Investment Forum-2023» начался с конкурса-выставки «Лучший товар Казахстана». Всего участие принимают 150 товаропроизводителей области, в том числе 40 из них — в рамках проекта «Одно село – один продукт». Под эгидой Палаты предпринимателей «Атамекен» конкурс-выставка проходит 9 год подряд.

ПРЕЗЕНТОВАН ПОТЕНЦИАЛ СПЕЦИАЛЬНОЙ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ЗОНЫ «ХИМИЧЕСКИЙ ПАРК ТАРАЗ» В ШУСКОМ РАЙОНЕ

В рамках проходящего в Жамбылской области международного экономического и инвестиционного форума «ZHEIF-2023» на базе специальной экономической зоны «Химический парк Тараз» в Шуском районе под председательством первого заместителя акима области Нуржана Календеров прошло совещение по вопросам развития инвестиционных проектов, в том числе реализуемых на территории данной экономической зоны. Также иностранным инвесторам был представлено развитие инфраструктуры области.

В КОРДАЕ НАЧАЛОСЬ СТРОИТЕЛЬСТВО ЗАВОДА МОЩНОСТЬЮ 1,2 МЛН ТОНН ЦЕМЕНТА В ГОД

В рамках международного экономического и инвестиционного форума в Кордайском районе состоялась закладка капсулы в основание будущего завода по производству цемента ТОО «KORCEM».Участие в мероприятии приняли аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов, представитель сингапурской компании ICG Вей Пинг, исполнительный директор ТОО «KORCEM» Станислав Щербаков.

В ЖАМБЫЛСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫТА ЭТНОТУРИСТИЧЕСКАЯ ЗОНА ОТДЫХА ЕВРОПЕЙСКОГО ТИПА

В рамках международного экономического и инвестиционного форума «ZHEIF-2023» в Жамбылском районе  открыта этнотуристическая зона отдыха «Almaly resort».В церемонии открытия центра приняли участие председатель Комитета индустрии туризма Министерства культуры и спорта РК Дастан Рысбеков, секретарь Жамбылского областного маслихата Абдалы Нуралиев, аким Жамбылского района Ерлан Кыдыралыулы, инвесторы и представители бизнеса.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумының екінші күні «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын тамашалаудан басталды. Байқауға облыстың 150 тауар өндіруші компаниясы өз тауарларын ұсынды, оның ішінде 40 тауар «Бір ауыл бір өнім» жобасы аясында қатысып отыр. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен биыл 9-рет ұйымдастырылып отырған бұл байқауға жыл сайын қатысушы жас кәсіпкерлер мен бастауыш кәсіпорындардың саны артып келеді.

ҚОРДАЙДА ЖЫЛЫНА 1,2 МЛН ТОННА ЦЕМЕНТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жамбыл облысында өтіп жатқан «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық инвестициялық форумы аясында Қордай ауданында «KORCEM» ЖШС-нің цемент өндіру зауытының құрылысы басталды. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Сингапурлық ICG компаниясының өкілі Вей Пинг, «KORCEM» ЖШС-нің атқарушы директоры Станислав Щербаковтің  қатысуымен аталған зауыт құрылысының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.