ЖАМБЫЛДЫҚ ШАРУАЛАР БЕЛГІЛІ ФРАНЦУЗ КОМПАНИЯСЫМЕН БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Florimond Depres» компаниясының директоры Джером Рене Генримен кездесті. Басқосуда нендей мәселелер сөз болды? Сюжетке зер салыңыз!
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Florimond Depres» компаниясының директоры Джером Рене Генримен кездесті. Басқосуда нендей мәселелер сөз болды? Сюжетке зер салыңыз!
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Алел-Агро» АҚ басшылығымен кездесті.«Алел-Агро» АҚ басқарма төрағасы Ерік Сұлтанқұлов «Алел Агро» құрама жем зауытының жоспарымен бөлісті.
Ағымдағы жылы Жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 252 медальді иеленген. Оның ішінде 30 медальді Халықаралық білім жарыстарында алған.Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің дарынды оқушылармен кездесуінде айтылды. Кездесуге 100 дарынды оқушы және бірқатар ұстаздар қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында барлық бизнесмендерді біріктіретін, өзін-өзі басқаратын коммерциялық ұйым. Көрсетілген қызметтердің ақысы республикалық бюджеттің мақсатты трансферті есебінен өтеледі.Шу ауданында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін барлық жағдайлар жасалуда.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Tas Market» ЖШС басшылығымен кездесті.Тараптар «Тараз химиялық арнайы экономикалық паркі» аумағында қуаттылығы жылына 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металдар өндіретін металлургиялық зауыт құрылысы жобасының жүзеге асу барысын талқылады.
Жуырда Тараз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдап, сұрыптап және өңдейтін зауыт ашылады. Ондағы басты мақсат – экологияны жақсарту.
Соңғы жылдары адамдардың өз-өзіне қол салу фактілерінің жиілеп бара жатқаны байқалуда. Әсіресе көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Суицидтік мінез — құлық – кең мағыналы түсінік, суицидтен басқа, суицидтік қастандық, суицидке талпыныс пен көріністерді қамтитын ұғым. Сондықтан сақтық шараларын жасап, алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Мамандардың саны мен сапасы Жамбыл өңірінің өндірістік кәсіпорындарының қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Тараз тәжірибелік-механикалық зауыты да кадрлар тапшылығына тап болды. Орта арнайы оқу орындарын бітірген дәнекерлеушілер, токарлар жетіспейтін көрінеді. Бүгінде басты кедергінің бірі – кадр тапшылығы,-дейді зауыт басшылығы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы бағытта 2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылған болатын. Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қаражатқа қосымша қажеттілікті анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізді. Осы айтулы «Ауыл Аманаты» жобасына Шу ауданы бойынша Жаңажол, Қорағаты, Бірлікүстем,Көкқайнар ауылдық округтерінде іске асырылу бағытталған.
Известно, что динамичное развитие сельского хозяйства напрямую связано с продуктивным трудом крестьян на селе. В этой связи крестьяне Шуского района также вносят свой весомый вклад в то, чтобы аграрный сектор стал новым драйвером экономики страны, будь то земледелие или животноводство. Наш материал из Шуского района .