Министерством внутренних дел РК ежегодно организуется проект «Журналист в погонах». В рамках, которого журналисты могут в прямом смысле один день поработать плечом к плечу с сотрудниками полиции. Журналист нашего телеканала примерила на себя не только полицейскую форму, но и саму роль «блюстителя порядка». Подробнее в следующем материале.
В этом году, в честь 95-летия образования Сарысуского района, в городе Жанатасе в рамках юбилея были организованы масштабные мероприятия, где сарысусцы с размахом отметили знаменательную дату. Так, на центральной площади, наряду с культурным мероприятием «Мәдениет асыл казынам», посвященным Дню культуры района, были продемонстрированы традиции и обычаи, а также выставка сельскохозяйственной продукции и изделий ручной работы. Кроме того, айтыс акынов, посвященный юбилею района, прошел на высоком уровне. Далее праздничное мероприятие продолжилось вечерним гала-концертом, в котором приняли участие звезды эстрады.
Аким области Ерол Карашукеев с рабочим визитом посетил Мойынкумский район. Глава региона осмотрел ряд объектов и встретился с жителями села. Сначала глава региона обратил внимание на среднюю школу №2 в селе Айдарлы, где ознакомился с проведением капитального ремонта в образовательном учреждении. Отметим, что в двухэтажном учебном заведении система отопления автономная, подключена к твердому топливу.
В спортивном комплексе Тараз Арена имени Жаксылыка Ушкемпирова в Таразе состоялась товарищеская встреча боксеров Казахстана и Узбекистана. Мероприятие организовано областным управлением физической культуры и спорта. Целью товарищеской встречи является формирование дружеских, патриотических качеств среди спортсменов Казахстана и Узбекистана, формирование у молодежи чувства патриотизма через привлечение к профессиональному занятию боксом, повышение уровня национальной идеи через укрепление авторитета отечественной школы бокса на международной арене.
День города с размахом отпраздновали на площади Шахристан историко-этнокультурного комплекса «Древний Тараз». Участие в торжественном мероприятии приняли аким Жамбылской области Ербол Карашукеев, аким Тараза Бахытжан Орынбеков, ветераны, представители интеллигенции и жители города.
Ішкі істер министрлігі тарапынан жыл сайын ұйымдастырылатын «Погонды журналист» жобасы дәстүрге айналып үлгергелі қашан. Оның мәні – қолына қалам ұстаған тілшілер бір күн мамандығын ауыстырып, тәртіп сақшысы болып қызмет етеді. Өзінің қалауы бойынша патрульдік немесе ювеналды полиция қызметкері, тергеуші, криминалист, тағы басқа салалардың бірін таңдап, оқалы киім киіп, ішкі істер органдарындағы жұмыс барысын көзбен көріп, сезінеді.
Биыл Сарысу ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай, Жаңатас қаласында мерейтой аясында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, сарысулықтар атаулы датаны кең көлемде атап өтті. Айталық, орталық алаңда ауданның мәдениет күніне орай «Мәдениет асыл қазынам» атты мәдени шарасымен қатар, салт дәстүр көріністері қойылып, ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарынан көрме қойылды. Бұдан бөлек, ауданның мерейтойына арналған ақындар айтысы да жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ, мерекелік шаралар кешкі гала концертке ұласып, эстрада жұлдыздары қатысқан кеш жергілікті жұртқа керемет көңіл күй сыйлады. Мейманасы тасыған мерейтой жайында Мағжан Орынбасар сюжеті.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданына барды. Өңір басшысы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысы алдымен Айдарлы ауылындағы №2 орта мектепке ат басын бұрып, білім ошағындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, қос қабатты оқу ошағында жылыту жүйесі автономды, қатты отынға ынғайластырылған.
Тараздағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Тараз Арена спорт кешенінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының арасында жолдастық кездесу өтті. Іс-шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасының ұйымдастыруымен өтті. Жолдастықө кездесудің мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасында достық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, бокспен кәсіби түрде шұғылдануға тарту арқылы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, оның халықаралық аренадағы беделін және қазақ боксын дамыту арқылы ұлттық идея деңгейін арттыру болып табылады.
Таразда қала күні «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде кең көлемде атап өтілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Е.Қарашөкеев, қала әкімі Б.Орынбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.