9 Май 2025, Пт

Тележобалар

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР?

Кәсіпкерлерге жүргізілген әрбір рейдерлік әрекет бас прокурордың жеке бақылауында болатыны рас па? Бүгінгі бағдарламада Жамбыл облысы прокурорларының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда атқарып жатқан істерін моншақтай жіпке тіземіз. Мобильді топтар мен бизнестің дамуына кедергі келтіріп, бақандай 40 млн. теңгені жымқырған шенді тұлғаның қылымыстық ісін қараймыз.

18 ЖЫЛДАН КЕЙІН ӘШКЕРЕ БОЛҒАН ҚЫЛМЫС

Жамбыл облысының  прокуратурасы мемлекет мүлкін ерекше қорғап, жіті бақылауында ұстайды. Бірақ соған қарамастан мемлекетке залал келтіріп, мүлікке қол сұғу дерегі азаймай тұр.Жыл басынан бері облыс прокуратурасы елге жалпы сомасы 1,4 млрд. теңгеден асатын залал келгенін анықтады. Соған сәйкес 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады. Жаңалықтарда мемлекет мүлкін туыстарына тарту еткені үшін 9 жылға сотталған Бақтыбаевтың ісі жертарапты аралап, жаға ұстатты. Бүгін бағдарламаның алғашқы санында Бақтыбаевтың заңсыз ісін сараптаймыз.