9 Май 2025, Пт

Шымкент жаңалықтары

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛҒАН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымшаһарда ардагерлер кеңесінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қалалық ардагерлер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, 2025 жылға арналған жоспарлар таныстырылды.

МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – халықтың сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет алуына мүмкіндік беретін маңызды реформа. Бұл жүйе арқылы азаматтар қажетті тексерулерден өтіп, ем-дом ала алады. Ал салаға қандай өзгерістер енгізілмек? Әріптесім тарқатады.

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге ауданнан сайланған мәслихат депутаттары, әкімдік өкілдері, жауапты сала мамандары, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты.

ЕЛІМІЗДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТА БІЛІМ АЛАТЫН ЖАСТАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТҚАН

Шымшаһарда техникалық мамандықта білім алатын жастардың қатары артқан. Болашақта студенттер заманауи технологияларды меңгеруге ұмтылып, инженерия, ақпараттық технологиялар, құрылыс және өндіріс салаларында бой көрсетеді.

«ЦИФР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОН САУСАҚТЫҢ ЕСЕПТЕГІ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Шымшаһарда білімге құштар жандар бас қосты. «Халық институты» ұлттық ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылған «Цифр тарихы немесе он саусақтың есептегі рөлі» атты  математикалық лекция жас ізденушілерді ғылымның сырлы әлеміне жетеледі. Келушілер танымды ақпараттар тыңдап, сан әлеміне сапар шекті.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АДАМ ОРНЫН АЛМАСТЫРУЫ МҮМКІН

Келешекте кейбір мамандық иелері жұмыссыз қалуы мүмкін. Технология қарыштап дамып, жасанды интеллект адам орнына қызмет етіп жүр. Бүгінде жанармай құю бекеттерінен бастап, мейрамханалар мен жеткізу қызметтерінде роботтар жұмыс істей бастады. Ал зауыттарда өндіріс автоматтандырылып, пилотсыз көліктер қолданысқа енді. Бұл қуаныш па әлде қасірет пе? Тілшіміз тарқатсын.

ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ: ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ?

Қазақстан экономикасының дамуын сақтау үшін Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы экономиканың өсіп келе жатқанын қуаттап, әлі де шешімін таппаған түйткілдер көп екенін жеткізді. Президенттің айтуынша, енді экономикаға инвестиция тарту аса маңызды. Бұл жайлы сарапшылар не дейді? Тілші материалы.

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛҒАН

Еңбекші ауданының тұрғындары ауыз сумен 97 пайызға, ал көгілдір отынмен 92 пайызға қамтылған. Бұл қазіргі көрсеткіш. Әкімдік аудан халқының өмір сүру сапасын жақсартып, инфрақұрылымды жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

«БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Үшінші мегаполисте «Байтақ» жасылдар партиясының кезекті IV конференциясы ұйымдастырылды. Аталған шараға партия төрағасы Азаматхан Амиртаев арнайы қатысып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін саралады. Конференция барысында партияның Шымкент қаласындағы филиалына жаңа төраға ретінде Алтай Еркебекұлы тағайындалды.