11 Май 2025, Вс

Шымкент жаңалықтары

БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТӨЛЕНЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда әлеуметтік қолдау шаралары күшейіп, 170,8 мыңнан астам азамат мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер алды. Бұл мақсатта бюджеттен жалпы сомасы 80,1 миллиард теңге бөлінді.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өнеркәсіптік кәсіпорындарға, төтенше жағдай департаментіне барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысты.

ЭКС-СУДЬЯ АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН 7,5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бұрынғы судьясы Жанат Мүсірәлі алаяқтық жасағаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сотталушының жұбайына жазаны жеңілдетуге көмектесемін деп уәде беріп, 110 миллион теңгені қалтасына басқан.

ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАР БҰЗЫЛУДА

Биыл Шымкентте заңсыз салынған 10  бизнес нысаны бұзылады.  Олардың ішінде  “қызыл сызықта”  бой көтерген және құрылыс талаптары ескерілмей, рұқсат құжаттарынсыз салынған ғимараттар бар. Сюжетке зер салыңыз!

ЖАС ЖЕТКІНШЕК ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ ОЙЛАП ТАПТЫ

https://www.instagram.com/reel/DFF1optMxUp/?igsh=MWZ1ZjRqcWJrOXR0Ng==

Ғылымның алға жылжуы арқылы өнертабыстар көші де өрге шыға бермек. Енді зағип жандар арнайы құрылғының көмегімен қауіп-қатерді бағдарлай алады. Жүйе кездесетін кедергілерді бірнеше қашықтықтан байқап, дереу дабыл қағады. Бұл Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын оқушының жетістігі.

ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

https://www.instagram.com/reel/DFFzaCZsm0X/?igsh=MTF5M2VwbDZqMTBqaw==

Қазіргі таңда құмар ойынының шырмауына түскен адамдар көп. Қалтасындағы қаражатын қиып беріп, соңында сан соғып жүргендер де жетерлік. Ал лудоманияға тап болудың себептері қандай? Оның алдын алу жолдары бар ма?

ЕЛІМІЗДЕ 175 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

https://www.instagram.com/reel/DFDL_dYswko/?igsh=bzIzN25ldnl5Ym1q

2025 жылы елімізде 175 мың жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Бұл Үкіметтің биылғы негізгі жоспарының бірі. Жаңа баспана құрылысы халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып, баспана тапшылығын азайту мақсатында қолға алынып отыр.