19 Май 2025, Пн 7:41:04 AM

Шымкент жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ 3 ЕСЕ ТӨМЕНДЕГЕН

Шымкенттік дәрігер, медицина саласының майталманы Гүлбану Сыздықбекова 35 жыл бойы ана мен бала өмірін сақтап қалуға зор үлес қосып келеді. Оның қажырлы еңбегінің арқасында қаладағы ана мен бала өлімі соңғы жылдары 3 есеге азайды.

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ЖОБАЛАР МЕН ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫ МАРАПАТТАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкентте ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен ұйымдастырылған «Жас волонтер» жобасының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараны «Шығармашыл жастар» қоғамдық қоры жүзеге асырды. Жобаға қаланың белсенді 14-35 жас аралығындағы жастары қатысып, олардың ұсынған жобалары 1 айдан аса уақыт қаралған.

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,8% ТӨМЕНДЕДІ


Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі есеп беру кездесуінде экономикалық көрсеткіштердің халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Шымкент қаласы төмен жалақы деңгейімен белгілі өңірлер қатарына кіреді. Алайда, жалақыны арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

ХАНБИБІ ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ


Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Мәртебелі поэзия мінберінің» төрінде «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерінің шығармашылығы насихатталды.

ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ҮШ ӨҢІРДІҢ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Бизнес-омбудсмен қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесіп, өңірдегі іскерлік ахуалды жақсартудың өзекті мәселелерін талқылады.