19 Май 2025, Пн

Шымкент жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН «КҮМІС ЖАС» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

«Күміс жас» бағдарламасы елімізде зейнеткерлікке дейінгі жастағы азаматтарды еңбек нарығында қолдау арқылы олардың кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану үшін іске қосылған. Жоба аясында жұмыс берушілер 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа тартады, олардың айлық жалақысы мемлекеттен субсидияланады.

56 ШАҒЫН АУДАН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН

Биыл Шымкент қаласының ауызсу жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.

«ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәртіпті өзіңнен баста» атты құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жылдық қорытынды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту арқылы қауіпсіздік деңгейін арттыру.

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТҰРҒЫН АЛАБЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАР ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов қала тұрғындарымен бірге Қайнарбұлақ, Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі аясында бірқатар кәсіпорынды көгілдір отынмен қамтамасыз ету шараларына қатысты. Айта кетерлігі, Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі биылғы жылдың қазан айында аяқталған болатын.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 2024 жылы су айдындарында республика бойынша 9 адамның суға бату оқиғасы орын алған

Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «АНАЛАР» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Бүгін қаламыздағы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Аналар» мектебінің ашылу салтанаты өтті. Жиын Шымкент қаласына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық Аналар кеңесінің 10 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр.

ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР

Өңірде алғаш рет Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Жаңа белестегі жастар» атты форум өтті