Елімізде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы сақталуда. Дегенмен, Шымкент қаласында 2024 жылы инфекциялық және паразитарлық аурулардың кейбір түрлерінің деңгейі өскені байқалды. Мысалы, ЖІЖА жағдайы 35,7%-ға, ботулизм 5 жағдайға, бруцеллез 4 жағдайға, көкжөтел 10 жағдайға, менингит 6 жағдайға, ал іріңді менингит 3,6 есеге көбейген. Толығырақ тілші материалы.
Енді алименттен жалтарып жүргендерді жасанды интеллект анықтайды. Қазіргі таңда минстрлік жанынан арнайы комитет құрылып, жасанды интеллект орталығы ашылғалы жатыр. Цифрлық жетістіктің жемісі жайлы әріптесім баяндасын.
Əлемде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Ғалымдар ғажайып жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Интеллектуалды жүйелер арқылы басқарылатын керемет жетістіктің бірі ақылды үй. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді. Жаңа технологияның артықшылықтары қандай? Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.
2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артты. Атап айтқанда, бала күтіміне байланысты төлемдер 6,5, ал зейнетақы мөлшері 8,5 пайызға өсті. Мамандар бұл реформалар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Елімізде қандай өзгерістер орын алды? Әріптесім тарқатып айтады.
Бүгін Шымкент қаласында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай “Мархабат” журналы мен Мархабат.кз ақпараттық порталының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен зиялы қауым өкілдері мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
1 қыркүйектен бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің стипендиясы көбейеді. Университет және колледж студенттері үшін шәкіртақы көлемі екі есеге артса, магистранттар мен докторанттарға да арнайы үстемақы тағайындалады. Салада орын алған өзгерістер жайлы әріптесім тарқатып айтады.
1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Елімізде 36 энергия өндіруші ұйым электр энергиясының шекті тарифтерін түзету бойынша өтінім берген. Жаңа тарифтер жайлы талаптарды ескерген энергетика министрлігі шекті бағаны көтеру туралы бұйрық әзірледі. Тұрғындарды қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы әріптесім баяндасын.
Global Firepower 2025 жылға арналған елдердің әскери қуаттылығы бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азиядағы ең мықты әскери күш ретінде танылып, аймақтық көшбасшылықты тағы да растады.