9 Май 2025, Пт

Шымкент жаңалықтары

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРЫНЫҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ЖАСАЛМАҚ

Биыл елімізде жұмысшы мамандықтар жылы болып бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау басты назарға алынды. Осы бағытта бүгін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының қатысуымен арнайы жиын өтті.

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ТҮРЛЕНІП БАРАДЫ

Алаяқтардың айласы азаяр емес. Қазіргі таңда олар алдаудың жаңа айласына көшкен. Енді олар WhatsApp арқылы сіздің дауысыңызға ұқсас хабарлама жасап, жақындарыңызды арбаудың тың тәсілін тапқан. «Ауруханаға түстім» немесе «Қаржыдан қысылып тұрмын» деп өтініш айтатын алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, қарапайым жұртты құрдымға итеріп жүр.

ЖАС ЖЕТКІНШЕК ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ ОЙЛАП ТАПТЫ

Ғылымның алға жылжуы арқылы өнертабыстар көші де өрге шыға бермек. Енді зағип жандар арнайы құрылғының көмегімен қауіп-қатерді бағдарлай алады. Жүйе кездесетін кедергілерді бірнеше қашықтықтан байқап, дереу дабыл қағады. Бұл Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын оқушының жетістігі.

ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

Қазіргі таңда құмар ойынының шырмауына түскен адамдар көп. Қалтасындағы қаражатын қиып беріп, соңында сан соғып жүргендер де жетерлік. Ал лудоманияға тап болудың себептері қандай? Оның алдын алу жолдары бар ма? Сюжет көріңіз.

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕН

Ел арасында жақсылық жасап, мұқтаждарға шарапатын тигізіп жүрген жандар аз емес. Еріктілердің ерлік әрекеті сын сағатта сараланады. Ел басына қатер туған сәтте қолдан келер көмегін көрсететін бүгінгі күннің батырларын елеп жүрміз бе? Үшінші мегаполисте еріктілік қалай дамып жатыр? Келесі сюжетте

ЕЛІМІЗДЕ 175 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

2025 жылы елімізде 175 мың жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Бұл Үкіметтің биылғы негізгі жоспарының бірі. Жаңа баспана құрылысы халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып, баспана тапшылығын азайту мақсатында қолға алынып отыр. Биыл қандай ипотекалық бағдарламалар іске асады? Әріптесім тарқатып айтады

ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЛАЙТЫНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТҚАН

Елімізде шекара асып, білім алуға ұмтылатын жастардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет басшысы Ана тілі газетіне берген сұхбатында шет мемлекетте тәжірибе жетілдіруді қалайтын түлектерді қолдайтынын жеткізген болатын.  Тек білімнің көкжиегін кеңейткен жас маман біліктілігін ел игілігіне жұмсаса құба- құп.

ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БАЛАЛАРҒА 5,32 МЛН ДОЛЛАР АУДАРЫЛДЫ

Көптің көңілін қуантқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасымен былтыр кәмелетке толған азаматтардың жинақтарды пайдалануы бойынша алғашқы қорытынды белгілі болды. Жобада қандай өзгерістер бар? Тілші материалында.

«ҚҰДАЙҒА ШОҚЫНУ» МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Жыл сайын 19 қаңтарда православтық дін өкілдері «Құдайға шоқыну» мерекесін атап өтеді. Жаппай діни іс-шаралардың ішінде ашық ауада шұңқырларға немесе суға шомылу ұйымдастырылады.Бұл күні аталған іс-шара Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Қошқар Ата өзенінің басында өтеді.