9 Май 2025, Пт

Шымкент жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ЦЕХТАН 300 МЛН ТЕҢГЕ ТӘРКІЛЕНДІ

Шымкент қаласында заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цех анықталып, оның қызметінен 300 миллион теңгеден астам актив тәркіленді. Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті суррогаттық алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтың қылмыстық кірістерді жасыру және заңдастыру схемасын әшкереледі.

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте №15 Жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

ШЫМКЕНТТЕ БОЗАРЫҚ — 1 ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент халқына қолайлы жағдай жасап, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындармен бірге Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптарын газға қосуға қатысты.

ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Шымкенттік ұстаздар халықаралық олимпиадада топ жарды. Әлемнің 15 елінің оқытушылары бас қосқан Имфакт олимпиадасында қалалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері де үздік нәтижеге қол жеткізіп, Минисирліктің арнайы марапатына ие болды.

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ»: БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ ҚОСА БЕРІЛЕДІ

Білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасы жүйелі жүргізіліп жатыр. Шаһарда бұл бағытта түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Қала мектептерінен жиналған ұстаздар мен білім бөлімінің мамандары біртұтас тәрбиенің маңызы жайлы баяндамалар жасап, көпшілікпен талқылады.

ЕЛІМІЗДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жарияланып, елімізде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау жұмыстары қарқын алды. Бұл бастама қоғамда еңбек адамының рөлін арттырып, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге ықпал етпек.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНДА ӨҢІРДЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Жиынға партия филиалының басшылығы, түрлі басқарма өкілдері мен депутаттар қатысты.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті. Бұл маңызды жиын елдегі бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған жұмыстың жалғасы болды. Сессияға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, Ассамблея мүшелері мен түрлі этнос өкілдері қатысты.