«Алматы – Ташкент – Термез» автожолының 274-279-шы шақырымы аралығы Қайнар кенті мен Аспара кентінің арасындағы учаскеде қаңтар айынан бастап тұрақсыз ауа райы байқалды. Айтарлықтай көп мөлшерде түскен жауын-шашын мен ауа температурасының күрт өзгеруі жабын мен бетондағы қорғаныш қабаттың бұзылуына әкелді, сонымен қатар жол бойында аздаған шұрық шұңқырлардың пайда болғаны байқалды. Жамбыл облысы Мерке ауданы арқылы өтетін (276-277 км) учаске ең көп зақымдалған аймақ болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды. «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы 2012-2014 жылдары салынған, ол жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі.

«ҚазАвтоЖол» жолшылары ауа райы тұрақталып, күн жылына салысымен аталған жолдағы ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстарына кіріседі.
Абай облысында тұрақсыз ауа райы байқалады, ауа температурасы -41 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейіп тұр. Қауіпсіздік мақсатында бүгін сағат 18.00-ден бастап Абай облысы бойынша барлық бағытта республикалық маңызы бар автожолда дизелді отынмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Құрметті жүргізушілер, ауа райы тұрақталғанша ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз.

❗️❗️❗️ВНИМАНИЮ ЖИТЕЛЕЙ И ГОСТЕЙ АБАЙСКОЙ ОБЛАСТИ!
В Абайской области наблюдается ухудшение погодных условий, сильные морозы до -41 градуса. В целях обеспечения безопасности, с 18:00 часов текущего дня планируется введение ограничения движения для всех видов автотранспортных средств, оснащенных дизельным двигателем, а также общественного транспорта по всем направлениям в Абайской области. Уважаемые водители, просим вас воздержаться от длительных поездок до стабилизации погодных условий.
IMG_2442
Шығыс Қазақстан облысында көшкін жүру қаупі бар. Нақтырақ айтқанда, қауіпті аймақ деп «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов қайнары» республикалық автожолының келесідей учаскелері айқындалды: 21-22, 59-60, 61-66, 437-438 км. Биыл облыста жауын-шашын әдеттегіден көп мөлшерде түскендіктен, таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыздығы байқалуда. Осыған байланысты 21-22 ақпанда аталған автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізу жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 8:40-та республикалық маңызы бар автожолдың 436-шы шақырымында жалпы көлемі 7600 м3 болатын өздігінен қар көшкіні түскен болатын. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Бұл аймақта -40-45°С-қа дейін аяз күшейіп тұр. Тұрақсыз ауа райы қар тазалайтын арнайы техникалардың жұмысына кедергі келтіруде. Дегенмен, күннің суығына да ауа-райының қолайсыздығына да қарамастан, Шығыс Қазақстан филиалының жол қызметкерлері жол бөлігін қардан тазарту жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазіргі уақытта аталған автожолдың 420-450 шақырымында көліктің барлық түрі үшін уақытша қозғалысқа шектеу қойылды.