Қызылорда жаңалықтары
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының облысты филиалында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Кеңес мүшелері орталықта халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қол жетімділігі мен тиімділігіне мониторинг жасап, жұмысымен танысты. Орталықтағы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарды талқылады. Кеңес құрамына өзгеріс енгізіп, Кеңес төрағасының орынбасарын сайлады.
Сыр сақшылары жолаушыларға жәрдемдесті
Көктем мезгілі ерте келетін Қызылордада қалың қар жауды. Жолдар көк тайғақ. Полицейлер түнімен күшейтілген режимде жұмыс істеп, жолда қалған көліктерді шығарысты.
Қызылордада Бір ел — бір кітап республикалық акциясы жалғасуда
Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумен “Бір ел-бір кітап” республикалық кітап акциясы аясында “Бір дәуірдің –қос үні” атты әдеби кеш өтті.
МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылордада Достық үйінде «Cлавяне» этносының дәстүрлі мерекелерінің бірі — Масленица мейрамы басталды. Елдің татулығы мен бірлігінің белгісі болған мерекеде барлық этнос өкілдрі басқосты.
МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылордада Достық үйінде «Cлавяне» этносының дәстүрлі мерекелерінің бірі — Масленица мейрамы басталды. Елдің татулығы мен бірлігінің белгісі болған мерекеде барлық этнос өкілдері бас қосты.
АРАЛДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТУДА
Арал ауданына 2024 жылы 25 санитарлық автокөлік берілген. Сондай-ақ, шалғайдағы Жіңішкеқұм, Құланды, Жаңақұрылыс, Ақбасты, Қарашалаң елді мекендеріндегі медициналық бекеттер қажетті көлікпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі хабарлады.
«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ
“Қарызсыз Қоғам” жобасы аясында өткен жылы 11 мыңнан аса қызылордалық азаматтың қаржылық сауаттылығын арттыруға себеп болды. Биыл да жобаға деген сұраныс ерекше. 3 қаржы сарапшысы аудандар мен қала орталығында өз жұмыстарын бастады. Әр топта 50-70 адам бар. Биыл қарызға батып, қиын жағдайда қалған азаматтардың жұмысқа орналасуына да мүмкіндік жасалмақ.
«СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНЕН СЕҢ ЖҮРДІ»
Сырдария өзенінде сең жүрді. Еріген мұздықтар Қызылорда қаласы тұсынан кедергісіз өтті. Өзен деңгейімен секундына 390 текше метр су өтуде. Дегенмен, алда әлі 730 шақырым бар.