Алаяқтық фактілерінің алдын-алу мақсатында Қызылорда облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» акциясы өтті. Оған «Amanat» партиясының облыстық филиалының өкілдері және қалалық полиция басқармасының мамандары қатысты. Көшпелі акция бұл жолы халық көп шоғырланатын «ҚазПочта» АҚ бөлімшесінде болды.
Қызылорда қаласындағы 66597 әскери бөлімінің құрылғанына 10 жыл толды. Атаулы күнге және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Шараға әскери бөлімнің офицерлері мен сержанттары және қатардағы жауынгерлер отбасыларымен бірге қатысты.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қалалық пробация қызметінде жауапкершілігі зор салада ерлермен бірдей қызмет атқаратын нәзік жандылар артуда. Әрқайсысы өз саласының майталманы.
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті импорттық өндірістегі снектар сатудан алынды деп хабарлады. Алайда қытайдың ащы өнім Қызылорда дүкендерінде толып тұр.
Қызылорда оңтүстіктегі жылы қалалардың бірі. Сондықтан болар, қыста сирек жауатын ақұлпа қардың көктемде жауғанына тұрғындар қуанып жүр. Ал қар тазалау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен бітіруші түлектерге диплом табыстау кеші өтті. «Мейіргер ісі» мамандығын меңгерген 5 топтан 96 түлек қолдарына диплом алып, шаттыққа кенелді.
Қызылордада «Гүлдей нәзік, болаттай берік» атты жұмысшы арулар фестивалі қорытындыланды. Фестиваль мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының адал еңбегі мен жетістігін дәріптеп, өскелең ұрпаққа үлгі етіп, олардың қоғамдағы рөлін насихаттау. Аймақтағы жұмысшы қыз-келіншектердің кәсібилігі мен шығармашылығын көпшілікке танытқан шара 7 ауданда да өтті.
Қызылорда қаласының Сол жағалауында бой көтерген «Оқушылар сарайы» бір мезетте 350 балаға қосымша білім береді. Мұнда балаларға шығармашылық қызметтің барлық түрлерімен және спортпен айналысуға, сондай-ақ, әртүрлі үйірмелерге қатысуға барлық жағдайлар жасалған.
Қазақстанның салық заңнамасы қызмет көрсететін немесе тауарларды қолма-қол ақшамен сатумен айналысатын кәсіпкерлерді бақылау-кассалық машиналарды қолдануға міндеттейді. Салық органдарына бақылау-кассалық машиналары салық түсімін көбейтуге, деректерді дереу қабылдауға, тіркеуге мол мүмкіндік береді.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 1-наурыз Алғыс айту күні кеңінен аталып өтті. Оқу орнында «Шын жүректен, мың алғыс!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Онда «Емдеу ісі-4» бөлімінің 4- курс студенттері ән салып, би билеп, сахналық көрініс қойды.