18 Сен 2025, Чт

Қызылорда жаңалықтары

МҰЗ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

https://www.instagram.com/reel/DFMw7s-tG-u/?igsh=MW4wY2ViYzQxYWU3Yg==

Қала аумағында “Мұз айдындарындағы қауіпсіздік” бойынша рейд жұмыстары жүргізілуде. Аралау барысында Шіркейлі каналы, “Астана” мөлтек ауданындағы қауіпті аймақтарда азаматтарға жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берілуде.

Аталған іс-шараға қала әкімдігі мен төтенше жағдайлар басқармасы, жедел құтқару жасағы және азаматтық қорғау құрылымдары жұмылдырылған. Қыс-көктем маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізіледі.

Қала тұрғындарын мұз айдындары үстінде жүруге болмайтындығын ескертеміз!

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР

https://www.instagram.com/p/DFMwmUKNO4B/?igsh=NHgwa2hmcGE4OWoz

Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Әжібеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 15 млрд. 181,4 млн. теңгені құрады. 8298 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, негізгі дақыл күріштің 3856 гектарынан 19 858,4 тонна өнім алынды. Егілген 368 гектар бидайдан, 379 тонна өнім, 130 гектар картоптан 1625,0 тонна, 1329 гектар көкөністен 16 612,5 тонна, 990 гектары бақшадан 13 464,0 өнім жиналды. Ал, мал шаруашылығы бойынша, 2 591,9 тонна ет, 3 556,3 тонна сүт, 777,1 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жалпы, қала бойынша мүйізді ірі қара 23 158 бас, уақ мал 28 562 бас, жылқы 16 256 бас, түйе 2 917 бас, құс 16 344 бас өсірілуде.

Қала тұрғындарын көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар биыл да жалғасады. Ақжарма мен Қарауылтөбе ауылдық округінен маусымдық кезеңге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуге 10 гектардан барлығы 20 гектар (әр отбасыға 10 сотық) егістік жер бөлінетін болады.

Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 46 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 3251 құжат қаралды, оның ішінде 1578 өтініш бойынша оң хаттамалық шешім қабылданып, 1673 өтініш бойынша заң талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылды.

Өткен жылы жер учаскесін нысаналы мақсатына сай игермеген кәсіпкерлік мақсатында 894 жер учаскесі анықталды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 917 гектарды құрайтын 8 жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар, жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учаскесінің пайдалануына жүргізілген мониторинг нәтижесімен көлемі 75 437,72 гектарды құрайтын 744 жер учаскесіне мал басы тіркелді. Қалған 150 жер учаскесі бойынша меншік иелерін нақтылап, мал басын тіркету жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, көлемі 4,39 гектарды құрайтын мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленген 79 тұлғаға әкімшіліктік жазалау шаралары қолданылып, 12 829 700 теңге әкімшіліктік айыппұл салынды.

ДАҢҒЫЛДЫ КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

https://www.instagram.com/reel/DE10BI-NLyo/?igsh=ZGNyNXA5bGp6Zmc5

Аймақ басшысының қолдауымен шаһарда жол құрылысы қарқын алып, басты жолдар мен көшелердің аясы кеңейтілуде. Байыпты бастамалардың бірі – Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылында жүргізілуде.

​Бұл жоба 2024-2025 жылдарға жоспарланған, екі кезеңнен тұрады. Жолды кеңейту жұмыстары 27 тамыздан бастау алды. Жобаның бірінші кезеңі бойынша бюджеттен бөлінген қаржыға ұзындығы 6 711 метрді құрайтын даңғыл екі жолақтыдан төрт жолақтыға ауыстырылуда. Яғни, С. Бейбарыс көшесінен бастап Жастілек көшесіне дейінгі бөлігі кеңейтіліп, жобада қарастырылған 4 қабат асфальт жабынының 3 қабаты салынды. Соңғы мастика қоспасы бар асфальт қабаты биыл салынады. Жоба аясында Әбілқайырхан және Есенов көшелерінің аралығындағы Сырдария өзенінің бөгетін нығайту жұмыстары да қоса жүргізілуде. Жұмысты атқарушы «УАД» ЖШС.

​Сондай-ақ, жобаның екінші кезеңі яғни, даңғылдың Әбілқайыр хан көшесінен бастап Саламатов көшесіне дейінгі бөлігіне жаңадан 4 жолақты жол құрылысын салу үшін жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба биыл жүзеге асырылады.

​Айта кету керек, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының қолданысқа берілгеніне 8 жыл өтті. Қала сыртын айналып өтетін осы даңғылдың бойында кептелістер көптеп орын алатыны жасырын емес. Осы жобаның нәтижесінде Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының бойындағы, сондай-ақ, «Ескі базар» аумағындағы көлік кептелісі түбегейлі шешіледі деп күтілуде.

«77 TV-ҚЫЗЫЛОРДА»

«77 TV» телеарнасы өз жұмысын Қызылорда қаласынан бастады!
Өзекті тақырыптар, шынайы ақпарлар легі біздің телеарнада.
«OTAU TV» және «ID TV»,«Bee TV»-дан 22-ші арнадан хабар таратуда!
«77 TV» телеарнасы шаңырақтарынызда қосулы болсын!
📲 Байланыс телефондары: +7 776 711 1188

https://www.instagram.com/p/DExTbXLthuF/?igsh=YmJxbnBydDU2c2px