15 Авг 2025, Пт

Қызылорда жаңалықтары

ЖОЛ САПАСЫНА ЕРЕКШЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛЕДІ

https://www.instagram.com/p/DFsCtaqtBnc/?utm_source=ig_web_copy_link

Бүгін облыс әкімінің мәжілісінен кейін қала әкімі Нұржан Ахатов арнайы жиын өткізіп, жол сапасына қатысты мәселелерге талқылау жасады.

— Өздеріңізге белгілі, өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен қаладағы жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамыды. Бөлінген қаражаттарға жол құрылыстары жүргізіліп, қайта жаңғыртылды. Көшелер күрделі және орташа жөндеуден өтті. Осылайша тұрғындарымыздың қолайлы өмір сүруіне қажетті жағдай жасалды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады. Біздің міндет – салынған және алдағы уақытта жөнделетін жолдарымыздың сапасын қатаң бақылауға алуымыз қажет, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында шаһар басшысы жоспарланған және алдағы уақытта құрылысы басталатын жобалардың сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтуді тиісті сала жетекшілеріне қатаң тапсырды.

АРЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

https://www.instagram.com/reel/DFr85_ltloU/?utm_source=ig_web_copy_link

“Жасыл Қызылорда” мекемесінің мамандары қаладағы арық жүйелерін жаңарту жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Қазіргі уақытта Жаппасбай батыр көшесінің бойында орналасқан үйлер маңындағы арық жүйелері жаңартылып, су ағымын реттеу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл шаралар су өткізу жүйелерінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

“ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР” ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

https://www.instagram.com/reel/DFo68RMNT8d/?utm_source=ig_web_copy_link

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын – сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүрулеріне жол бермеу мақсатында қала көлемінде “Балалар түнгі қалада” жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Осы ретте, қала әкімдігі мен қалалық полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесі бірлесіп, 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында түнгі рейдтік жұмыстарын жүргізді. Аралау барысында 134 хаттама рәсімделіп, 10 жасөспірім “Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына” жеткізілді.

6, 7 ақпан күндері “Көктем-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

https://www.instagram.com/reel/DFo39pStMN7/?igsh=M3pkZTl0MXJ0dnA2

Бұл іс-шараның мақсаты — Қызылорда қаласы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс- қимылға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау.

МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

https://www.instagram.com/p/DFkPgTdumXG/?utm_source=ig_web_copy_link

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев инвестициялық жобалар және күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланған жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты екенін, су тапшылығына қарамастан күріштен мол өнім жиналғанын атап өтіп, өңірдің дамуына оң бағасын берді. Биыл да барлық макрокөрсеткіш бойынша өсімді қамтамасыз ету үшін жұмысты күшейту керек. Экономиканың негізгі үлесін алатын мұнай қорының соңғы жылдардағы төмендеу тенденциясын ескеріп, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өте маңызды. Инвестиция көлемін 10 пайыздық өсіммен меже бекітіңіздер. Жоспарланған жобалардың барлығын мерзімінде жүзеге асыруды және іске қосуды қамтамасыз етіңіздер. Өңірдің шикізаттық қорын, қолда бар ресурстарды, инженерлік-инфрақұрылымды тиімді пайдаланып, отандық және шетелдік инвестиция тарту бағытында жұмысты күшейту қажет.
Кәсіпкерлік басқармасының басшысы, инвестициялық жобалардың уақытылы жүзеге асуын үйлестіріңіз. Мәселені қатаң бақылауға алыңыз.

Облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың барлығында цифрландыру бағытындағы мобильді қосымшаны қолдануды жалғастырыңыздар. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қамтамасыз етіңіздер.

Балабақшалардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес игерілуі керек. Мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс.
Заң бұзушылықтарға жол беріп, шарт талаптарын орындамаған өнім берушілермен прокуратура органдарының ұсынымдарын негізге алып келісім-шарттарды бұзу қажет ”,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Дереккөз: @qyzylorda_oblysy_akimdigi

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

https://www.instagram.com/reel/DFb9TjGNu_O/?utm_source=ig_web_copy_link

Бүгін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамадағы өзгерістерге байланысты жиын өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өту мәселесі, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне жеке істерді орналастыру, Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы №40 бұйрыққа енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңінен ақпарат берілді.

​Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға байланысты түсіндіру мақсатында арнайы қала әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов және Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Алиев Нұржан шақыртылды.

Жаңа заңнамалық өзгерістерге байланысты «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінің толымдылығы маңызды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің имиджі мен біліктілігін көтеруге Қызылорда қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен іс-шаралар өткізетін болады.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ӨҢІРЛІК ЖОСПАР АЯСЫНДА КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

https://www.instagram.com/p/DFaQ56KNKK9/?utm_source=ig_web_copy_link

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлік жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына 736 мың адам қатысып, 176 800 түп тал егілді. Акция басталғалы ауылдарды қолдау, ынталандыру мақсатында дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп, 2,1 млрд. теңгеге күнделікті тұрмысқа қажетті 67 техника табысталды. Коммуналдық сала кәсіпорындарына, табиғатты қорғау мекемелеріне 309 арнайы техника сатып алынды. Қызылорда қаласының орталық алаңы, аудандарда демалыс орындары қайта жаңғыртудан өтті. Биыл бірнеше саябақ қайта жаңартылады», – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталды, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды. Теміржол вокзалы ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өтті.​
Балалардың игілігі үшін 80 ойын және спорт алаңы, Жаңақорған ауданында демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер аллеясы» пайдалануға берілді. Қармақшы ауданы Жаңажол ауылының орталық алаңы және Жалағаш ауданы Таң ауылының көшелері абаттандырылып, жарықтандырылды. Облыстық бюджеттен бөлінген 800 млн. теңгеге 17 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары, 200 млн. теңгеге 14 спорт және ойын алаңы салынып, 7 балалар ойын алаңы жөндеуден өткізілді.
Демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеті заманауи үлгіде әрленуде. Аудандарда 320 млн. теңгеден астам қаржыға көшелер абаттандырылып, ойын алаңдары мен скверлер салынды. Өткен жылы аймағымызда мекеме ғимараттарының қасбеті, аулалардағы балалар ойын және спорт алаңдары, көшелердегі жарықтандыру мен аялдамаларды әрлеу, сырлау, безендіруге біркелкі дизайн код бекітілді.

Дереккөз: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛУДА

https://www.instagram.com/p/DFaOE7atVTx/?utm_source=ig_web_copy_link

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы Сыр елінде су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алынғанын айтты. Еске салайық, былтыр аймақта жарты миллион тоннаға жуық күріш (гектарына 58 центнерден, 496,4 мың тонна) өндірілді.

Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция 2023 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артты. 2025-2029 жылдары 57 млрд. теңгеге 29 жаңа жоба жүзеге асырылады (488 жаңа жұмыс орны).

Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде соңғы 2 жылда Арал теңізіндегі су көлемі 4 млрд. текше метрге дейін артты (2022 жылы – 18,5 млрд. текше метр, 2024 жылы – 22,3 млрд. текше метр, САТ көлемі – 27 млрд. текше метр). Бұл балық шаруашылығының дамуына, экологиялық ахуалдың жақсаруына оң септігін тигізуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі