Жылу беру маусымы басталғалы Қызылорда облысында 76 өрт оқиғасы орын алған. Өрттің басым көпшілігі тұрғын үйлерден шыққан. Апат жағдайлар тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан пайда болған. Яғни, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеу, балаларды қараусыз қалдыру сынды себептер бар. Бұл туралы ақпарат алаңында мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков хабарлады.
Аңдатпадан алдын айтқанымдай расында бүгін тарихи күн! Ақпарат кеңістігіне «77» телеарнасының тағы бір бөлімшесі қосылды. Арнамыздың тілшілері енді қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінен ақпар таратады. Филиал — облыстың рухани-мәдени бағыттағы дамуы, әлеуметтік салалар жайында эфир әзірлеп, үздіксіз үдесріске дайын. Бүгін сыр өңіріне аттанған әріптесім Бақдаулет Ерланұлы не дейді екен? Толығырақ сюжетте!
Ақпарат кеңістігіне «77» телеарнасының тағы бір бөлімшесі қосылды.
Арнамыздың тілшілері енді қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінен ақпар таратады. Филиал — облыстың рухани-мәдени бағыттағы дамуы, әлеуметтік салалар жайында эфир әзірлеп, үздіксіз үдеріске дайын.
Бүгінге дейін аймақта сұйытылған газ бағасы 65-75 теңгеден сатылды. Жалпы, Қызылорда облысында бірқатар өңірлермен салыстырғанда сұйытылған мұнай газының бағасы төмен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев мәлімдеді. Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, республикада сұйытылған мұнай газдың бағасы көтерілді. Жаңа түзетулерде облыс бойынша газ бағасы 90 теңгені, ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендерде 95 теңгені құрайды.
«Жыл басынан бастап әкімдік тарапынан бірнеше рет операторлармен мәжіліс өткізіліп, келісімге келдік. Біріншіден, қаңтар айында алынған газ ескі бағамен сатылуы керек. Еліміздің бірқатар өңірлерінде ақпан айы басталғаннан-ақ көтерілген бағамен сатуда. Дегенмен, өндіруші зауыттарда газдың бағасы 15 пайызға қымбаттауына байланысты, операторлар өз кәсібіне зиян келмес үшін жаңа бағамен сататын болады. Екіншіден, шекті бағадан 5 теңгеге төмендетіп, операторлар облыс орталығында газды 1 литр үшін 85 теңгеден, ал аудандарда 90 теңгеден сатуға ұсыныс білдірді. Жалпы ақпан айына министрлік тарапынан 7300 тоннаға жуық газ бөлінді. Оған қоса, энергетика министірлігімен келіссөздер жүргізіліп, ақпан айына қосымша 2000 тонна газ көлемі бөліну жоспарлануда. Бүгінде бұл мәселе әкімдіктің тұрақты бақылауында» — деді облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 1,8 млн. тонна болса, 2024 жылы 2,4 млн тоннаға дейін жетті. Мысалы, аймағымызда 2022 жылы сұйытылған мұнай газын тұтынатын 7 290 автокөлік тіркелсе, 2024 жылы 35 690 автокөлік тіркелген, яғни газ тұтынушыларының саны 5 есеге артқан. Одан бөлек, сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 63-65 мың теңгені құрайды. Ал өндіруші зауыттар үшін шекті көтерме баға тоннасына 51 932 теңге деңгейінде белгіленген.
Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Сейдуали Әбдіқадыров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
— «Елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы аясында Абай, Досан ауылдарындағы балалар ойын алаңдары ағымдағы жөндеуден өтіп, ауыл көшелеріне ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үнемделген қаржы есебінен 2 аялдама орнатылды. Биыл округке қарасты Досан елді мекенін талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ететін боламыз. Сондай-ақ, осы ауылдағы №2, №12, №7 көшелерге тас жол төсеу, Абай ауылына жарық бағаналарын орнату жоспарланған, — деді ауылдық округ әкімі Сейдуали Әлайдарұлы.
Ауылдық округте 363 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Өткен жылы жаңадан 74 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, мемлекеттік бағдарламаларға жүгінген кәсіпкерлердің 152 млн.теңгені құрайтын 19 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде, 12 тұрғын мемлекеттік қайтарымсыз грант иеленіп, өз кәсіптерін бастады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1659 гектар жерге күріш, 854 гектар жерге ескі жоңышқа және 110 гектар жерге жаңа жоңышқа, 92 гектар жерге бидай егілді. Ал мал саны 15 015 басқа жетті.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев адал еңбектің үлгісін көрсетіп, халықтың ықыласына бөленген ардақты ардагерлерді мерейтойларымен құттықтады. Осы жолғы басқосу құрылыс саласының ардагері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Жәнәбіл Нұрқыштың 90 жасқа, Жалағаш аудандық ардагерлеркеңесінің төрағасы, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Садық Әлиевтың 85 жасқа және Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарымен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нәжмедин Мұсабаевтың 75 жасқа толған мерейтойларының құрметіне арналды. Аймақ басшысы Сыр жұртшылығы атынанқұттықтау лебізін жеткізді. «Біз Сырдың қасиетті топырағында дүниеге келіп, елге қалтқысыз қызмет еткен аға буын өкілдерін ұлықтауды, олардың жүріп өткен жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етуді дәстүрге айналдырдық. Үлкендеріміз ел іргесінің сөгілмеуін, өскелең ұрпақ жолының ашық болуын тілеп, тұтас қауымды бірлікке үндеп келеді. Ағаларымыз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Сіздердің парасат-пайымдарыңыз, тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз қазіргі жастар үшін құнды! Құрметті ел ағалары, мерейтойларыңыз құтты болсын!», – дедіН.Нәлібаев.