Қызылордада сенбі сайын жәрмеңке өтіп тұрады. Нарықтан төмен бағадағы тауарлар, арзан бағадағы азық-түлікті тап осы жерден табасыз. Тіпті өткен аптаның соңында картоп өнімінің өзі 177 теңгеден сатылды. Қалтаға салмақ салмайтын, қалың көпшілік жиналған жәрмеңкеге әріптесім де барып көріп еді. Бақдаулет Ерланұлы баяндасын!
5 сәуірден бастап мопедтерге қатысты заңнамалық өзгерістер өз күшіне енеді. Ендігі екі аяқты арба, механикалық көлік құрылымен тең болмақ. Сондай-ақ, мопед тізгіндеу үшін A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігіңіз болуы керек. Осы орайда, Қызылорда қаласының полиция басқармасы тұрғындарға бірқатар ескерту жұмыстарын жүргізіп шықты.
Қызылорда облысы төңірегінде біріңғай өрт қауіпсіздік акциясы ұйымдастырылуда. Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері акция барысында білім беру ордадаларының ұстаздары мен оқушыларына өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізуде.
Жол инфрақұрылымы — ел экономикасының маңызды әрі күрделі саласы. Бүгінде Қызылорда қаласында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.
Нарық бағасынан 15 пайызға арзан! Шаруаларға дизель отыны осындай жеңілдікпен берілгелі тұр. Ал дизель отынын жеткізу мен өткізу жөніндегі операторларды анықтау үшін конкурстық рәсімдерді жүргізу тиіс. Әйтседе, бұл жұмысты жалғыз Қызылорда облысынынан басқа бірде-бір әлі жүргізбеген. Энергетика министрі осылай дейді.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті. Жиында «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының жаңа басшысы таныстырылды. Бұл лауазымға осыған дейін инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарған Зейнулла Қазтоғанов тағайындалды. Зейнулла Молдағалиұлы 1972 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998-1999 жылдары Су ресурстары комитеті «Арал-Сырдария» бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің инженері болып бастаған. Кейін әр жылдары Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясында түрлі қызметте болған. Осы күнге дейін инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Өңір басшысы Зейнулла Қазтоғановтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп,бірқатар міндеттерді айқындап берді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысынан жүлдемен оралды. Сайыста 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынасқан. Биыл алғаш рет бұл жарыста ерлермен қатар әйелдер құрамасы қатысып отыр. «Томирис» командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен терезесі тең өнер көрсетті. Нәтижесінде әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Команда құрамында Сыр елінің тумасы полиция капитаны Төлекова Лаура Қарабекқызы болған. Полицей ару барлық сыннан сүрінбей өтіп, ерлермен иық теңестіре нәтиже көрсеткен.
Қызылордада “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында татымды тірліктер, жағымды жаңалықтар бар. Ал оқу-білім — үздіксіз дамуды талап етеді. Осылай деген Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов БАҚ өкілдері қатысқан брифингте мәлімдеді.
Қызылорда облысында 4010 тонна балық өнімі 13 мемлекетке экспортталды. Осы орайда Халықаралық қолдаудың арқасында Арал теңізін қалпына келтіру , балық шаруашылығын дамыту жобалары іске қосылуда. Яғни, осы қарқынмен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғаспақ. Ары қарай Сырдың сұлу жағлауынан әріптесім тарқатсын!
Қызылорда облысы халқының саныартуда. 2025 жылдың 1 қаңтарында адам саны 846,3 мың болса, оның ішінде қала халқы 398,4 мың адамды құраған. Ал ауыл аймақта өмір сүретін 447,9 мың халық бар. Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында да өсім байқалады.