15 Авг 2025, Пт

Қызылорда жаңалықтары

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда қаласында «Қарттар үйінде» ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Аталмыш оқу-жаттығу Төтенше жағдайлар министрлігі өткізетін қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

ҚОҒАМҒА ҚАЙТА ҚОСАТЫН ҚЫЗМЕТ ҮЙІ

Қаншама жылын тар қапаста өткізіп, жазасын өтеп шыққан жандар қайда жүр. Олар қоғамға қайта бейімделе алды ма? Бүгінде Қызылорда қаласында 500-ге жуық сотталған азамат бар. Олар қамаудан шыға сала қаладағы Пробация үйіне келіп есепке тұрған. Ал 10-шы ақпаннан бастап «Есептегі тұлғалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы жүруде. Бақдаулет Ерланұлы барып бақылаушы мамандармен тілдескен еді…

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры студенттермен кездесті. Білім ордасының басшысы білім алушыларды тәрбиелеу және дамыту бойынша жұмыстың маңызды екенін атады. Сондай-ақ, университет басшылығының тірегі — студенттік активпен осындай кездесулердің маңыздылығын тілге тиек етті.

ПОЛИЦЕЙ АРУ ЛАУРА ҚАРАБЕКҚЫЗЫМЕН ЖАСТАРДЫҢ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Анаға тағзым» орталығында полицей ару Лаура Қарабекқызымен жастардың кездесуі өтті. Қара көздер жиналған жиында полицей өз әпкелік ақыл кеңестерін айтып, еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.  Естеріңізде болар, полицей  Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысынан жүлдемен оралған.

БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН БЕС ҚАЗАҚ

Тағы бір көпбалалы отбасы баспаналы болды. Қызылордалық Махаббат Әлжанова төрт перзентті өмірге әкелеген ана. Жолдасы біршама уақыт бұрын сырқаттан көз жұмған. Ал өздері тұрып жатқан үйі қирауға шақ қалыпты. Бүгін ананың арманы орындалды. Енді ол ұл-қыздарымен бірге су жаңа 3 бөлмелі баспананда ғұмыр кешпек! 

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

 

Жылу беру маусымы кезінде төтенше жағдайлар орын алу қауіпі үнемі бар. Осы орайда төтеншеліктер қашан да болсын алдын алу шараларын ескертеді. Тұрғын үй секторларын аралап, апаттың алу бойынша өткен профилактикалық түсіндірме жұмыстары бүгін Қызылжарма ауылдық округінде жалғасты.

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 7,9 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН

 

Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жолында қалыптасқан тенденциясы артып келеді.  Яғни, өткен жылы аудан бюджетінің 18,9 млрд теңгеге жеткені оң ықпалын тигізіп отыр. Жыл басынан бері бюджет 7,9 млрд теңгеге артып, 72 пайызға ұлғайған. Бұл  туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет баяндады.

ОБЛЫС ӘКІМІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы Шығармашылық-инновациялық орталықтың құрылысымен танысты. Бұл орталықты «Bi Global» серіктестігі салуда. Жалпы ауданы 3820,43 шаршы метр ғимараттың  бас жобалаушысы – «TEHNIKALIQ BAQILAU», ал техникалық қадағалаушысы – «Алатау Сапа Құрылыс» серіктестіктері.

ҰРЛАНҒАН ҚОЙ ӨЗ ИЕСІМЕН ҚАУЫШТЫ

 

Ауылдасым ауламда тұрған қойымды ұрлап әкетті! Әуілінде жүрген қойының қолды болғанын білген адам, бірден полицияға арызданған. Оқиға Арал ауданында болып отыр. Ал Қызылордалық полицейлер қой ұрлаған қарақшының қолына кісен салды! Күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде сол ауданның 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Автокөлігі айғақ ретінде алынды. Бүгінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған қой өз иесімен қайта қауышты. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сол себепті малды бақташымен пада арқылы белгіленген орындарда жайған дұрыс дейді жершілікті Полиция Департаменті.

СЫР ЕЛІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Сыр елінде «Адал еңбек – ел ырысы»  атты республикалық командалық айтыс өтті. Дәстүрлі өнерді насихаттауға Қызылорда және  Алматы облысының ақындары арнайы қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев,  Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мен зиялы қауым өкілдері төрден табылды.