Сегодня с рабочим визитом в город Тараз прибыл депутат Сената Парламента Республики Казахстан Бекболат Орынбеков. В рамках визита он посетил ряд объектов в областном центре и ознакомился с их работой. Подробности в следующем сюжете.
Сегодня в этно-культурном комплексе «Древний Тараз», состоялось торжественное мероприятие «Кітап – сарқылмас рухани әлем», посвященное официальному старту проекта «Әулиеата – кітап оқитын өңір» — «Аулие-Ата – читающий регион», в рамках объявления 2025 года в Жамбылской области – годом чтения.
Жаңа жылды мерекелік дастарқан басында емес, жауынгерлік қызметте өткізетіндер қатарында – Қазақстан армиясының әскери қызметшілері де бар. Отан қорғаушылардың жауынгерлік кезекшілігі бір сәтке де тоқтамайды. Дәл осы сәттерде, ел 2024 жылдың соңғы минуттарын саралаған кезде, әскери қызметшілер азаматтардың тыныштығын қорғап, жауынгерлік кезекшілік атқарады.
Жаңа жыл қарсаңында Меркі ауданында қос бірдей жаңа нысан мемлекет қолдауымен ел игілігіне берілді. Алдымен Аспара ауылында 40 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде ашылды.. Аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек ауыл тұрғындарын қуанышпен құттықтап, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мақсатында осындай нысандарды ашу жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді
Тараз шаһарына жұмыс сапарымен бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаты Орынбеков Бекболат Серікбекұлы келді. Іс-сапар аясында қаладағы бірқатар нысанды аралап, жұмысымен танысты. Толығырақ алдағы сюжетте
Киелі Әулиеата өңірінде 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, бүгін «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының ресми ашылу салтанаты өтті. Ғасырлар бойы адамзаттың рухани азығы болған кітап оқуды насихаттауға бағытталған шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен белсенді жастар қатысты.Толығырақ алдағы сюжетте
Барлық отбасы қазір мерекелік дастарханға қоятын ас мәзірін әзірлеп, оған қажетті тағамдарды сатып алып жатыр. Әрине, әр отбасының ас мәзірі әртүрлі. Сүйікті тағамдары да талғамға қарай өзгеше.Ал осы дастархан мәзіріне жалпы қанша қаражат жұмсалады?Әріптесім біліп қайтты
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырады.
Меркі ауданында жыл сайынғы дәстүрлі әкім шыршасы биыл да жоғары деңгейде өтті. «Үміт» оқушылар сарайында «Жаңа жыл – Республика төрінде» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, балалар үшін қызықты концерттік бағдарламалар мен ойындар өткізілді.Толығырақ алдағы сюжетте
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы бағытта Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев салтанатты жиында облыстық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады.Бұл шара құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға және олардың жұмыс тиімділігін арттыруға жасалған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Жаңа көліктер полиция қызметкерлеріне азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және қоғамдық тәртіпті сақтауда үлкен қолдау болмақ.