Күні кеше Аскар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстык, қазақ драма театрында Міржақып Дулатұлының «Бакытсыз Жамал» романы негізінде койылган траги-фарс жанрындағы спектакльдің премьерасы өтті.ТОлығырақ келеғсі бейнематериалда
2024 жыл өз мәресіне жетіп қалды. Жамбыл өңірі үшін бұл жыл несімен есте қалды? Өңір тұрғындары үшін қандай маңызды оқиғалар мен жетістіктер орын алды? Қандай оң өзгерістерді атап өтуге болады? Осы сауалдарға жауап алу үшін қоғамдық сауалнама жүргізген болатынбыз, халық пікірі алдағы бейнематериалда.
Күні кеше Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің үздік ұстаздарымен арнайы кездесу өткізді. Салтанатты жиында ұстаздардың ерен еңбегі мен олардың қоғамдағы мәртебесі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, білім саласындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар да талқыланды. Толығырақ алдағы сюжетте
Жамбыл облысы әкімдігімен «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аймақтық Жол картасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен «Аманат» партиясының облыстық мәслихаттағы фракция отырысы өтті. Жиын күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Жамбыл облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2024 жылғы көрсеткіштерінің орындалу барысы сөз болды.
Баспана мәселесі бүгінде қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Әсіресе, пәтер жалдау ақысының қолжетімділігі қарапайым халық үшін басты басымдыққа айналды. Жайлы әрі бағасы қолайлы пәтер табу – көптің арманы. Ал екі мың жылдық тарихы бар шаһарда пәтер бағалары қарапайым тұрғындардың төлем мүмкіншілігіне сай ма? Толығырақ алдағы сюжетте
Жамбыл облысы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, тұрғындарға жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, сондай-ақ ғимараттардан адамдарды эвакуациялау шараларын меңгеру мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түрлі мекемелерде тұрақты түрде сейсможаттығулар өткізіп келеді. Бүгін де осы бағыттағы жаттығуды № 1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткізді.
Кез келген халықтың өзіндік бітімін даралап, мінезін айқындап, рухани деңгейін өлшейтін құралдың бірі – ұлт мәдениеті. Ал, сол мәдениетті шыңдауда рухани-мәдени іс-шаралардың орны бар. Соңғы жылдары Қордай ауданында рухани-мәдени іс-шараларды өткізуге арналған мәдениет үйлерін салуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Соның бір айғағы ретінде Қарасай ауылында 180 орындық мәдениет үйі бой көтеріліп, ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне ашылды.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы Оқушылар сарайында талантты жастарды марапаттады. Олар ғылым мен өнер саласындағы жетістіктері арқылы өңірдің әлеуметтік дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтар. Туған жерге жанашырлық танытқан жастар жайлы толығырақ алдағы сюжетте білесіздер.
Проблема жилья является одной из наиболее актуальных в современном обществе. Особенно остро стоит вопрос доступности арендной платы для обычных граждан. Найти комфортную и доступную по цене квартиру – мечта многих. А соответствуют ли цены на квартиры в городе с двухтысячелетней историей платежеспособности простых жителей? Подробнее об этом – в нашем следующем сюжете.
Так как Жамбылская область расположена в сейсмически опасной зоне, с целью обучения населения правилам поведения при землетрясении и освоения мероприятий по эвакуации людей из зданий, сотрудники Департамента по чрезвычайным ситуациям регулярно проводят сейсмологические учения в различных учреждениях. Сегодня такие учения прошли в Центре оказания специальных социальных услуг № 1.