Күні кеше Шаһарда Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында– «Ромео мен Джулетта» атты жаңа қойылым премьерасы өтті. Жалпы қойылым бір-біріне ессіз ғашық болған, жас Ромео мен Джулеттаның өзара дұшпан екі әулет Монтекки және Капулеттилердің қарсылығына ұшырап, үйленбек болған талпыныстарының қайғы-қасіретпен аяқталуын суреттейді.
Күні кеше каратэден Қазақстан Республикасының спорт шебері Ғани Алтынбекті еске алуға арналған турнир өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші елдерден жүзден астам спортшы жиналды. Жасөспірімдер арасындағы дүбірлі доданың тартысы жайлы толығырақ – арна тілшісінің материалында.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы мен «Республикалық тау гидтері қауымдастығы федерациясының» қатысуымен өңірде тау туризмі саласын дамыту мақсатында арнайы оқыту курсы басталды.
Бүгін Тараз қаласындағы №55 13 әскери бөлімінде “Ерлік күні” аталып өтілді. Бұл шара 30 жыл бұрын Тәжік-Афған шекарасын қорғау барысында қаза тапқан 17 қазақстандық жауынгердің ерлігін еске алуға арналды. Іс-шараға әскери қызметшілер, ардагерлер және батырлардың отбасы мүшелері жиналды.
Ағымдағы жылғы 1 сәуірде ауқымды жедел іс-шараларды жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 наурызда облыс орталығының «Жайлау» шағын ауданында мәйіті табылған ер адамды өлтірді деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Тараз қаласының дәл ортасында, көне тарихы мен жаңа заманның тоғысында, мүгедектердің жастар қоғамы өз жұмысын атқарып келеді. Бұл ұйым тек жай ғана бір қауымдастық емес, ол әрбір жас адамның физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан қоғамның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беретін инклюзивті орта қалыптастыруды мақсат тұтады. 1997 жылы бір топ белсенді азаматтар негізін қалаған ұйым ұзақ даму жолын жүріп өтіп, бүгінде мүмкіндігі шектеулі жастар үшін сенімді тірекке айналды.
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметіне іріктеу аяқталғаннан кейін, жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштерге шақыру жұмыстарын бастады. Жамбыл облысынан биыл әскерге шамамен 1700 адам шақырылуы жоспарлануда. Мұнда күн сайын шақыру комиссиялары жұмыс істейді: дәрігерлер жас жігіттерді қарап, жеке істерін зерттеп, медициналық қарсы көрсетілімдер бар-жоғын тексереді.
Бүгін Тараз қалалық Назарбаев Зияткерлік мектебінде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Ұлттық мереке оқушылар, олардың ата-аналары мен көптеген қонақтарды біріктіріп, көктем мен жаңарудың дәстүрлі мейрамы жарқын әрі ұмытылмас шараға айналды. Кеште Қазақстанның мәдени мұрасы айқын көрсетілді.
Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Шалғайда орналасса да, шаң астында қалмайтын іргелі ауданның тыныс-тіршілігі жайлы толығырақ тілші материалында.
1 апреля текущего года в ходе масштабной оперативной работы сотрудниками полиции установлен и задержан житель города Тараза, подозреваемый в убийстве мужчины, труп которого с телесными повреждениями был обнаружен 31 марта в микрорайоне Жайлау областного центра.