17 Май 2025, Сб 11:08:10 PM

Жамбыл жаңалықтары

ВО ВЗАИМОДЕЙСТВИИ

В Таразе состоялось командно-штабное мобилизационное учение с бригадой территориальной обороны Жамбылской области. Под руководством начальника штаба войск регионального командования «Юг» полковника Нурлана Карибаева военные отрабатывали действия в условиях мобилизации и кризисных ситуаций. Главной целью учения стала отработка слаженного взаимодействия с местными исполнительными органами и подразделениями территориальных органов Жамбылской области: с департаментами полиции, пограничной службы КНБ, чрезвычайных ситуаций, Национальной гвардии.

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Күні кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталмыш жиында түрлі қоғамдағы өзекті мәселелер тілге тиек болып, сауалдар көтерілді. Айта кетейік арнайы семинар тренингке Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов және ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Дәуітұлы Әбішев қатысты.

«CAKE LAND» БАЙҚАУЫ АРҚЫЛЫ ЖАС КОНДИТЕРЛЕРДІҢ ШЕБЕРЛІГІ ШЫҢДАЛДЫ

Жамбыл ауданында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Cake land» атты жас кондитерлер арасындағы байқау өткізілді. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғаны аясында өткізілген бұл іс-шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, оларды еңбекке баулу және кондитерлік өнімдерге деген қызығушылықтарын арттыру болды. Байқауға жас кондитерлер өз шеберліктерін көрсетіп, әртүрлі қызықты әрі дәмді кондитерлік өнімдер жасады.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Ақ жағалылардың басын қосқан жиында нендей мәселелер көтерілді? Күн тәртібіне бекітілген мәселенің егжей-тегжейін әріптесім тарқатып айтады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ПОЛИЦИЯ БАРЫСЫ-2025» АНЫҚТАЛДЫ

«Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысының полиция қызметкерлері арасында «Полиция барысы-2025» турнирі өткізілді. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев сөз сөйлеп, «Полиция Барысы» бұл ұлттық спорт түрі – қазақ күресін насихаттауға бағытталған және тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін ауқымды сайыс екенін атап өтті.

ӨҢІРДЕ АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН 2 700 000 ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТТЫ ИЕМДЕНГЕН КҮДІКТІ АНЫҚТАЛДЫ

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп 2 700 000 теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденген күдіктіні анықтады. Белгісіз тұлға өзін техникалық жабдықтау компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге бөліп төлеу арқылы тауар рәсімдеп беруді сылтауратып, екінші деңгейлі екі банктен 1 200 000 және 1 559 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген.

«МЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ!» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЗДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облыстық “Анаға тағзым” отбасын қолдау орталығы  “Мен қазақ қыздарына қайран қалам!” атты облыстық қыздар форумын өткізді. Бұл форумның басты мақсаты – қазақ қыздарының бойындағы қайсарлық пен нәзіктікті, білім мен өнерді, еңбексүйгіштік пен жан-жақты дамуды дәріптеу болды. Орталық ұйымдастырған іс-шарада қазақ қыздарының қоғамдағы орнын, олардың жетістіктерін көрсету мақсатында арнайы алаң құрылды.

ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ В ОБЛАСТИ

 

Управление образования Жамбылской области подвело итоги работы за 2024 год. На расширенном заседании коллегии под председательством заместителя акима области Серика Салемова были обсуждены  вопросы развития сферы образования и планы на будущее. Исполняющая обязанности руководителя управления образования акимата Жамбылской области Ляззат Кызылкулова отметила достижения в сферах дошкольного, среднего, технического и профессионального образования в прошлом году.

СОСТОЯЛСЯ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ АЙТЫС АКЫНОВ

 

В Таразе по ежегодной традиции состоялся  Республиканский конкурс акынов «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым». В этом масштабном состязании, собравшем мастеров слова, в этом году приняли участие 14 айтыскеров. Честь Жамбылского региона в поэтическом соревновании защищали четыре поэта. Следует отметить, что в торжественном мероприятии принял участие первый заместитель акима Жамбылской области Нуржан Календеров. Подробнее – в следующем сюжете.

ЖАМБЫЛСКАЯ ОБЛАСТЬ ОТМЕТИЛА «АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ» И 30-ЛЕТИЕ АНК

 

В Жамбылской области прошли знаменательные мероприятия, посвященные«АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ» —  Дню благодарности и 30-летию Ассамблеи народа Казахстана. Торжества, начавшиеся в «Доме дружбы», собрали акима Жамбылской области Ербола Карашукеева, председателей совета ветеранов, маслихатов и партий, ректоров вузов, ветеранов и членов АНК, представителей этнокультурных объединений. Все подробности в предстоящем сюжете!