19 Апр 2026, Вс

Жамбыл жаңалықтары

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ

Тараз гарнизонында әскери қызметшілердің дене шынықтыру даярлығының деңгейі тексерілді. Бағалау жұмыстарын Спорт комитеті – Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубының өкілдері жүргізді. Тексеру барысында әскери бөлімдердің әскери қызметшілері спорттық қалашықтар мен стадиондарда белгіленген нормативтерді орындап, дене даярлығы деңгейін көрсетті. Бұл шара әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын арттыру және олардың физикалық мүмкіндіктерін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.

«КІТАП МЕНІҢ ӨМІРІМДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

 

«Кітап оқитын өлке» атты аудандық жобасы аясында Жамбыл аудандық орталық кітапханада ерекше іс-шара өтті. Оpen talk форматында ұйымдастырылған «Кітап менің өмірімде» тақырыбындағы басқосуға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысты.

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ «ЖАҢА ЖАМБЫЛ ФОСФОР» ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жұмысшы мамандықтар жылына орай № 36,12,53,32 мектеп оқушылары жаңа жамбыл фосфор зауытының жұмысымен танысты.Өңірдің дамуында стратегиялық мәні бар  зауыттың жұмысымен танысуға мүмкіндік алған оқушылар жайлы толығырақ алдағы сюжетте 

«ALАSHPROM» ЗАУЫТЫНА СТУДЕНТТЕР ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

 

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны баршаға мәлім. Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде жұмысшы мамандықтарына деген құрмет артып, олардың маңыздылығы айрықша насихатталуда. Мұның айқын дәлелі – екі мың жылдық тарихы бар Әулиеата өңірінің білімпаз  студенттерінің газоблок өндірісімен айналысатын «Алаш Пром» зауытына жасаған арнайы экскурсиясы дәлел.

ТЕАТР ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Меркі аудандық мәдениет үйіне қарасты «Халық» театрының ұйымдастыруымен белгілі драматург Қазыбек Аманжолдың «117-ші пәтер» атты шығармасына қойылым ұсынды. Меркі ауданындағы Халық театры — ауданның мәдени өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Театрдың қойылымдары әрқашан жергілікті халықтың дәстүрлері мен мәдениетін сақтап, жаңаша өркендеуіне үлес қосады. қойылым да солардың бірі болып, көрермендерге рухани азық беріп, эстетикалық тұрғыдан қанағаттандырды.

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРҒАН МАМАНДАР

Қазақстанның Әуе қорғаныс күштерінің  ұшқышсыз ұшу аппарат мамандарын даярлау және жауынгерлік қолдану орталығында арнайы курстық даярлық аяқталды. Осы оқу бағдарламасына Қарулы Күштердің өкілдерімен қатар, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан қызметкерлері де қатысып, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару және олардың ұшуын ұйымдастыру бойынша қажетті білім мен дағдыларды менгенрді. Бұл бағдарлама еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқаратын ұшқышсыз ұшу аппараттарының тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Курсты сәтті аяқтаған мамандар енді өз салаларында жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын болады.

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҚР Президентінің «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» Жолдауын іске асыру мақсатында бүгін шаһарда «Еңбек мобильдігі орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тараз қаласы бойынша «Мансап орталық» филиалының ұйымдастыруымен жұмыссыздарға сапалы жұмыс орындарын ұйымдастыру жәрмеңкесі өтті.

ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Меркі ауданында ветеринария саласының мамандары мен шаруашылық жетекшілеріне арналған маңызды облыстық семинар өтті. Бұл шараның мақсаты — ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында кездесетін ветеринариялық мәселелерді талқылау, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, сондай-ақ ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында өткізілді.

«ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕЛ ЫРЫСЫ»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қарапайым еңбек адамының қадірін ерекше атап өтті. «Ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз», – деген Президенттің сөздері еліміздің түкпір-түкпірінде еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға жаңа серпін беруде. Шу ауданындағы “Берік” шаруа қожалығы – соның жарқын үлгісі.

ТЕАТР И ОБЩЕСТВО

Народный театр  при Меркенском районном Доме культуры организовал постановку известного драматурга Казыбека Аманжола «117-я квартира». Данный коллектив является важной составляющей  культурной жизни района. Постановки театра всегда носят авнгардный характер,способствуют новому процветанию, сохраняя традиции и культуру казахского народа.