Тараз қаласында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында төтенше жағдайлар қызметтерінің су тасқыны кезінде атқаратын іс-қимылдары орындалды. Талас өзенінде су деңгейінің көтерілуі тұрғын үйлерге қауіп төндірері анық. Осы жағдайды ескере отырып, су тасқынының алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтайтын – дәрігер болса, олардың халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын – емхана. Осы тұста Тұрар Рысқұлов ауылында жаңа фельдшерлік- акушерлік амбулатория бой көтеріп, ауыл жұртшылығы қуанышқа кенелді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек сондай- ақ, ауыл тұрғындары қатысты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жоғары білімге қолжетімділікті арттыру мақсатында Тараз қаласында «Филиалдар керуені» өтті. Аталмыш жиында 10-11 сынып оқушыларына «Study in Kazakhstan» жобасы аясында 20-дан астам шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ұсынылды. Көрмеге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Салемов, Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев және Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов қатысты.
Таразда Жамбыл облысының жастары арасындағы тоғызқұмалақ чемпионаты салтанатты түрде бастау алды. Облыстың барлық аудандарынан келген жас спортшылар ат салысқан бұл додада ойындар классика, рапид және блиц форматтарында өтті. Чемпионаттың ерекшелігі — бірнеше жас категориялары бойынша ұйымдастырылды. Сондай-ақ чемпионат әр жастағы ұлдар мен қыздар арасынан мықтыларды анықтауға мүмкіндік берді. Жарыстың барысы мен нәтижелері туралы толық ақпаратты алдағы сюжетте көресіз.
Жамбыл облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматша әкімшілік кодекстің 3-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Тараз қаласында белгіленген аумақты патрульдеу кезінде Тараз қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері таңғы сағат 6:00-де жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Тараз қаласында қалпына келтіру пойызы платформасының баспалдақ көтеру-түсіргіш механизмі сынақтан өткізілді. Бұл шара Қазақстан Қарулы Күштері Тыл бастығы басқармасының Әскери байланыс бас басқармасы өкілдері мен «Қазақстан темір жолы» АҚ мамандарының бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды. Сынақтың негізгі мақсаты – арнайы жабдықталмаған теміржол учаскелерінде әскери техниканы тиеу және түсіру механизмдерінің тиімділігін бағалау болып табылады.. Бұл жұмыстар әскери логистика жүйесін жетілдіруге және төтенше жағдайларда техниканы жедел тасымалдау мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.
Бүгінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Абай мұрасы: Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның философиялық ойларындағы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты көрсету болып табылады. Шара барысында студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат алып, оның ой-тұжырымдарының қазіргі кезеңде де өзектілігін түсінді. Мерейтойға арналған бұл маңызды шара Абайдың мұраларын жас ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Осыдан 90 жыл бұрын Қазақстан Жазушылар Одағы құрылды. Ал бүгінде аталмыш одақ 1015 мүшесі бар еліміздегі ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі саналады. Күні кеше облыс әкімдігінде Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған басқосу өтті
В Таразе состоялось торжественное открытие Чемпионата Жамбылской области по тогызкумалак среди молодежи . Участие в нем принимают спортсмены со всех районов Жамбылской области. Соревнования пройдут в категориях классика, рапид и блиц. Примечательно, что чемпионат будет проходить в нескольких возрастных категориях, что позволит выявить сильнейших игроков среди юношей и девушек разных возрастов. Подробности о ходе мероприятия смотрите в предстоящем сюжете!
Сразу по 3 статьям административного кодекса привлечена к ответственности нарушительница ПДД в Жамбылской области. В Таразе при патрулировании территории в 6:00 часов утра сотрудники батальона патрульной полиции УП г.Тараза остановили машину марки BMW за грубое нарушение правил дорожного движения.