Жамбыл ауданында ардагерлер форумы өтті. Аталған іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер мен «Заң мен тәртіп – Әділ қоғам» үндеуін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күні. Бұл атаулы күн — саяхаттауды сүйетін жандар үшін ғана емес, бүкіл туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген кәсіби ұйымдар үшін де маңызды мейрам. Осы айтулы күн аясында Жамбыл облысының Жуалы ауданында ерекше туристік іс-шара — «Көксай – Жүрегіне» атты фестиваль ұйымдастырылды.Табиғаты көркем, тарихы бай бұл өлкеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар мен туристер жиналды. Фестиваль аясында қатысушылар ұлттық дәстүрмен сусындап, табиғат аясында тынығу мүмкіндігіне ие болды.
Тараз қаласында Қала күні аталып өтті. «Достық» алаңында өткен «СҮЙІКТІ ҚАЛАМ – ТАРАЗ» атты мерекелік кеш мыңдаған тұрғындар мен қала қонақтарын жинады. Бірлік атмосферасы, әсем әуен, би және мерекелік отшашу – осының бәрі қала тұрғындарына жасалған тамаша тарту болды.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Кездесу барысында халық әкімге көкейінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтты.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының көшелерін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері күдік тудырған «ZHONG TONG» маркалы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлікті тоқтатты.
Тараз қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар” атты тәрбие-танымдық іс-шара өтті. Шараны Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиография секторы ұйымдастырды. Жиынға оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлік экономиканы әртараптандыру және отандық машина жасауды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Тараз қаласының индустриялық аймағында маңызды жоба жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға маманданған жаңа кәсіпорынның іргетасын қалау рәсіміне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында халықаралық ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі – заманауи қант зауытының құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін жаңғыртуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған стратегиялық маңызы бар қадам.
В ходе оперативно-профилактического мероприятия «Безопасная дорога» сотрудники полиции в Таразе заметили автобус марки «ZHONG TONG», вызывавший подозрение, и остановили его для проверки.
В детско-юношеской библиотеке имени Динмухамеда Кунаева состоялось воспитательно-познавательное мероприятие под названием «Национальные ценности в семейном воспитании». Мероприятие было организовано информационно-библиографическим сектором библиотеки. В нем приняли участие читатели, сотрудники библиотеки и представители средств массовой информации.