21 Окт 2025, Вт

Жамбыл жаңалықтары

«ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР: ӨСУ, ӨРЛЕУ, ӨРКЕНДЕУ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанаты және Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз  университетінің ұйымдастыруымен «Ғылымдағы Әйелдер: Өсу, Өрлеу, Өркендеу» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Толығырақ алдағы сюжетке зер салыңыз.

ӘСКЕРДЕГІ БІРЕГЕЙ ПОЛККЕ – 25 ЖЫЛ

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жалғыз таулы-егерлік полкының құрылғанына 25 жыл толуына орай Жуалы ауданында ауқымды шара өтті. Аталмыш шараға полк командирлері мен ардагерлері шақырылып, бөлімнің тарихи мұрасы мен жауынгерлік даңқын ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде атап өтілді.

«КЕРЕК КӘСІП» АТТЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

 

Жамбыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Керек кәсіп» атты мамандықтар бойынша шеберлік сағаты өтті. Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында өткен бұл іс-шара жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Толығырақ алдағы сюжетте.

ҚР АУМАҒЫНДА БОЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН 3 МЫҢ 283 ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі өкілдері . Өңірлік комуникациялар алаңында ағымдағы жылға жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеуге мемлекеттік баж көлемі мен турист- автомобилистерге арналған жадынама тақырыбында БАҚ өкілдерімен кездесті. Толығырақ тілші материалында.

ЖАС ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: «ӨРКЕН» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РӨЛІ

Елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру өзекті мәселе болып отыр. Мемлекет басшысы үнемі қарапайым еңбек адамдарын жоғары бағалап, оларды үлгі етіп көрсету қажеттігін және жастарды осы салаға тарту маңызды екенін атап өтеді. Осы орайда Меркі ауданында жұмысшы мамандықтарын меңгеруге бағытталған «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығы жұмыс істейді. Қазіргі таңда орталықта 22 түрлі үйірме бар, оған 1165 оқушы қатысып отыр.

ПЛАСТИК ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕГІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК

Өз ісінің шебері – қоғам дамуының негізі. Білікті мамандардың көбеюі – ел сапасының көрсеткіші. Сондықтан жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру – уақыт талабы. Ақарал ауылының тұрғыны Жаннұр Жөкетай – осы талапқа сай еңбек етіп жүрген жас маман. Ол Меркі ауданында пластик өнімдерін өндірумен айналысады. Заманауи өндірістің бір бөлігіне айналған оның кәсібі экология мен экономикаға оң ықпал етуде. Жаннұр Жөкетай өз ісін экологиялық таза өнімдер мен тиімді технологияларды қолдану арқылы дамытып келеді. Ол үшін бұл кәсіп – жай ғана табыс көзі емес, өмірінің маңызды бір бөлігі ретінде санайды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ЧИПТЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі ауыл шаруашылығының жай-күйіне және нақты көрінісіне толық көз жеткізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жалғасуда.

УНИКАЛЬНОМУ В АРМИИ ПОЛКУ – 25 ЛЕТ

Масштабное празднование 25-летия со дня образования единственного в Вооруженных Силах Казахстана горно-егерского полка состоялось в Жуалынском районе Жамбылской области. Торжественное мероприятие, на которое были приглашены командиры и ветераны части, стало символом преемственности поколений и боевой славы части.

МАСТЕР-КЛАСС ПО «НУЖНОЙ ПРОФЕССИИ»

Жамбылским районным отделом образования был организован мастер-класс по специальностям«Керек кәсіп»- « Нужная профессия» . Данное мероприятие, прошедшее в центре технического творчества и профориентации, было посвящено Году рабочих профессий. Подробнее в предстоящем сюжете.

3 283 ИНОСТРАННЫХ ГРАЖДАНИНА ПРИВЛЕЧЕНЫ К АДМИНИСТРАТИВНОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ЗА НАРУШЕНИЕ ПРАВИЛ ПРЕБЫВАНИЯ НА ТЕРРИТОРИИ РК

Представители миграционной службы Департамента полиции Жамбылской области встретились с представителями СМИ на  площадке РСК. Темой встречи стали размеры государственной пошлины за оформление удостоверений личности и паспортов в текущем году, а также памятка для туристов-автомобилистов. Подробнее — в материале!