21 Окт 2025, Вт

Жамбыл жаңалықтары

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, күрделі және пайдаланушылық шығындарды қысқарту, тәулік бойы техникалық қолдауға қол жеткізу мақсатында деректерді өңдеу орталығының ашылу салтанаты өтті.

МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов өзінің тұрақты халықпен кездесуін жалғастыруда. Әкім осы аптаның басында Меркі, Жамбыл және Ақтоған ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздескен болса, күні кеше Сарымолдаев ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні кеше Таразда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Туризм саласы комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, туристік саланы дамытуға мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері бас қосты. Жиынға ҚР Туризм және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Көлік министрліктерінің, сондай-ақ «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «Қазақстан темір жолы» және «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамдарының өкілдері қатысты. Туризм индустриясының даму бағыттары, инфрақұрылымдық жобалар және саланың өзекті түйткілдері сөз болған жиын жайлы толығырақ алдағы сюжетте.

«ЖЕНЩИНЫ В НАУКЕ: РОСТ, РАЗВИТИЕ, ПРОЦВЕТАНИЕ»

Сегодня в Жамбылском областном филиале партии «AMANAT»  и его женским крылом и Международным Таразским университетом имени Шерхана Муртазы был проведен круглый стол на тему «Женщины в науке: рост, развитие, процветание». Подробнее в предстоящем сюжете!

АКИМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ Е. КАРАШУКЕЕВ ОЗНАКОМИЛСЯ С ХОДОМ РАЗВИТИЯ СПОРТА В РЕГИОНЕ

Сегодня на аппаратном совещании под председательством акима Жамбылской области Ербола Карашукеева обсуждались вопросы  развитие спорта в регионе. Были проанализированы достижения, достигнутые в 2024 году, и обсуждены  планы на будущее. Кроме того, на  повестке  дня стояли вопросы развития массового спорта, привлечения подростков к спорту и поддержки профессиональных спортсменов. Подробнее в нашем первом материале!

ВЕЧЕР КАРИКАТУРНОЙ ВЫСТАВКИ «ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖЕГІ ҚҰРТ»

В рамках  борьбы с коррупцией состоялся вечер карикатурной выставки «Жемқорлық -жегі құрт» заслуженного деятеля культуры, художника-скульптора Кали Кораласбаева. В мероприятии приняли участие представители интеллигенции и жители города. Подробнее о выставке, где порок века был изображен средствами изобразительного искусства в предстоящем сюжете!

«ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖЕГІ ҚҰРТ» АТТЫ КАРИКАТУРАЛЫҚ КӨРМЕ КЕШІ ӨТТІ

Күні кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында Мәдениет саласының үздігі, суретші-мүсінші Қали Қораласбаевтың «Жемқорлық -жегі құрт» атты карикатуралық көрме кеші өтті.Аталмыш жиынға зиялы қауым өкілдерімен  қала тұрғындары қатысты. Ғасыр дертін көркем сурет өнері арқылы сипаттаған көрме жайлы  Толығырақ әріптесім Фархат Қауменнің материалында

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Е.ҚАРАШӨКЕЕВ ӨҢІРДЕГІ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі спорт саласының дамуы талқыланды.Жиында 2024 жылы қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы жоспарлар сараланды.Сонымен қатар күн тәртібінде. Бұқаралық спортты дамыту, жасөспірімдерді спортқа тарту және кәсіби спортшыларды қолдау мәселелері болды. Толығырақ әріптесім Фархат Қауменнің материалында.