18 Май 2025, Вс

Әлем жаңалықтары

ЕҢБЕК АДАМЫ — ІСІНЕ ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында шағын баспахана ашылып, аудандық газет шыға бастады. Ғасырға жуық уақыт өте келе оның даңқты ісін «Қордай ақпараттық-баспа компаниясы» ЖШС жалғастырып келеді. Осы ретте кәсіпорын тарихы тек ауданның емес, облыстың және бүкіл елдің дамуымен тығыз байланысты деп сеніммен айтуға болады.

ТӘРБИЕ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ОФИЦЕРЛЕРІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

19 қаңтарда Қазақстан армиясының тәрбие құрылымдарының офицерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Бұл күні, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбие құрылымдары институтын құру туралы Президенттің Жарлығына қол қойылды. «Оңтүстік»өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің офицер-тәрбиешілері әріптестерімен бірге кез келген сын-тегеуріндерге дайын күшті және ұйымшыл армияны құруға баға жетпес үлес қосуда.

Канада маңында жүк кемесі өртенді

Канада мен АҚШ-тың арасында теңізде жүрген жүк кемесі өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ақпарға қарағанда 52 тоннадай түрлі химикат алып бара жатқан су көлігінде бірнеше контейнер отқа оранған. Осыдан кейін кемеден 10 экипаж эвакуацияланып, 11 қызметкер қалған. Әзірге өрт толық сөндірілді ме жоқ па белгісіз. Қазір кеме мүйісте тұр. Экипаждың хабарына қарағанда кеме бұған дейін қатты толқынға тап болып, 40 контейнер теңізге құлап кеткен екен.

Францияда сары жейделілер қайта шеруге шықты

Пандемия кезінде аздап тыншыған еді, деп хабарлайды «Хабар 24». Енді кешеден бері елде наразылық шерулері қайта басталды. Жұрттың наразылығына бағаның өсуі түрткі болған. Еуропадағы энегретикалық дағдарыс француздарға да қатты тиіп тұр. Электр тарифі 14 процентке дейін өседі деген болжам бар. Жанармай да тіптен қымбаттап кетті. Бұрын соңды мұндай баға болмаған. Париж бекеттерінде 1 литр бензин 850 теңгеге дейін жеткен. Шерушілер үкімет бағаның өсуін тоқтатпайынша апта сайын шеру өткіземіз деп кіжініп отыр. Сары жейделілердің бас көтеруі осыдан үш жыл бұрын бензинге салықтың өсуі себепті пайда болған. БЛИЦ: – Біз 2018 жылдан бері әлеуметтік теңдікті талап етіп келеміз. Ұстанымымыз әлі өзгерген жоқ. – Сары күртешелілер толқуы кезінде бензин бағасының өсуінен туған еді. Қазір жағдай тіпті нашарлады. Өйткені жанармайдан бөлек электр энергиясы, газ және тұрмысқа аса қажетті тауардың барлығы қымбаттады. Сондықтан біз күресімізді жалғастыра береміз.