Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
В Таразе стартовал республиканский турнир по мини-футболу на Кубок акима Жамбылской области среди сотрудников молодежных ресурсных центров. В соревнованиях, приуроченных к Международному дню молодежи, принимают участие команды из нескольких регионов страны, демонстрируя свое спортивное мастерство.
В крупнейших торговых объектах города Тараза установлен жесткий контроль за соблюдением пожарной безопасности. Предотвращение чрезвычайных ситуаций и защита человеческих жизней, особенно на объектах с массовым пребыванием людей, — одна из первоочередных и неотложных задач. В этих целях в районе Жібек жолы был проведен специальный рейд. Группа проверяющих во главе с акимом района Карлыгаш Аралбековой обошла объекты предпринимательства, проверив соблюдение требований безопасности. Подробности — в видеоматериале нашего корреспондента.
Создание условий для трудоустройства граждан с инвалидностью — важный механизм повышения их социальной активности и качества жизни. В Таразе на «Таразском учебно-производственном предприятии» общественного объединения «Казахское общество глухих» сегодня успешно трудятся граждане с нарушениями слуха, внося свой вклад в выполнение государственных заказов.
Состоялась внеочередная сессия областного маслихата. Депутаты рассмотрели вопросы благоустройства населенных пунктов и реализации экологической акции «Таза Қазақстан», приняв по ним соответствующие решения. В работе сессии приняли участие аким области, депутаты областного маслихата, председатели городских и районных маслихатов, а также руководители государственных учреждений.
Таразда Жамбыл облысы әкімінің кубогы үшін жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері арасында республикалық кіші футбол турнирі басталды. Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған жарысқа еліміздің бірнеше өңірінен келген командалар қатысып, спорттық шеберліктерін сынға салуда.
Тараз қаласындағы ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынды. Әсіресе, халық көп шоғырланатын нысандарда тілсіз жаудың алдын алу және адам өмірін қорғау – кезек күттірмейтін басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Жібек жолы ауданында арнайы рейдтік іс-шара өтті. Аудан әкімі Қарлығаш Аралбековамен тексеріс тобы кәсіпкерлік нысандарды аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын пысықтады. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Мүгедектігі бар азаматтардың еңбекке араласуына жағдай жасау – олардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, өмір сапасын жақсартудың маңызды тетігі. Тараздағы «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорынында» бүгінде есту қабілеті бұзылған азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылып, мемлекеттік тапсырыстарды орындауға үлес қосып келеді.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар елді мекенді абаттандыру Таза Қазақстанға қатысты мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады. Сессия жұмысына облыс әкімі, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Меркі ауданында ұлттық қолөнерді ұлықтап, құрақ құрау өнерін өмірлік мұратына айналдырған ісмерлердің бірі – зейнеткер ұстаз Халықова Фрунзекүл. Анасының тәлімін бойына сіңірген шебер бүгінде қазақтың төл өнерін келер ұрпаққа үйретіп, оның әлемдік деңгейде танылуына өзіндік үлесін қосып жүр.