17 Ноя 2026, Вт

User

РАСШИРЕНИЕ ВОЗМОЖНОСТЕЙ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ

https://youtu.be/H7pz-ZCAhN4

Природные богатства Казахстана — одна из важнейших основ национальной экономики. Однако Глава государства подчеркнул, что стране необходимо не ограничиваться экспортом сырья, а развивать его переработку внутри страны и наращивать производство готовой продукции. Эта задача направлена на укрепление отечественной промышленности и повышение экономического потенциала страны. Приоритеты, обозначенные в Послании Президента «Актуальные задачи Казахстана на новом историческом этапе», обсудили на встрече, прошедшей на территории Таразского металлургического завода.

ДОСТЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Бүгінде Қазақстанда жүз жиырмадан астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде ғұмыр кешіп жатыр. Еліміздегі осындай тұрақтылық пен татулықтың арқасында қоғамдағы бірлік әрдайым басты орында. Бейбітшілік бесігі атанып кеткен еліміздегі достықтың жарқын көрінісін келесі бейнематериалдан көре аласыздар.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – СӘТТІ БИЗНЕСТІҢ НЕГІЗІ

Таразда заманауи қауіпсіздік жүйелерінің қазақстандық өндірісі дамуда. «Новые Технологии – Тараз» компаниясы NTOUCH бренді астында білім беру мен медицинадан бастап өнеркәсіп пен банк сеktorына дейінгі әртүрлі салаларда сұранысқа ие жабдықтарды шығарады.

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ

Бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін арттыру және әрбір тиынның халық игілігіне жұмсалуын қадағалау – басты талап. Алайда, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының жүргізген аудиті өңірде бюджет қаражатын ұтымды пайдалану бағытында бірқатар олқылықтар бар екенін көрсетті. Толығырақ алдағы сюжетте.

ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ

Қазақстанның табиғи байлығы ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Алайда Мемлекет басшысы шикізатты сыртқа сатумен шектелмей, оны еліміздің өзінде өңдеп, дайын өнім өндіруге басымдық беру қажеттігін атап өтті. Бұл – отандық өнеркәсіпті дамытып, экономиканың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды міндет. Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауындағы осы басымдықтар Тараз металлургиялық зауытында өткен жиында талқыланды.

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер, инфрақұрылым және өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Толығырақ алдағы сюжетте

ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістанда қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында кездесу өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылған жиынға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысты.

ӘСКЕРИ БӨЛІМНЕН ШЫҚҚАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында 72 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 5513 әскери бөлімінің қызметшісі Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.

ЖАМБЫЛДЫҚ СПОРТШЫЛАР – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Қырғызстанның Ош қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық жас боксшылар үш чемпиондық белбеуді иеленді. Оның екеуі Жамбыл облысының намысын қорғаған өрендердің еншісінде. Шаршы алаңда қарсыластарынан басым түскен Ислам Сулейманоглы мен Ақжүрек Жұмақұл ел қоржынына жеңіс сыйлап, туған жерінің абыройын асқақтатты.

АСАНЫҢ АҚ ТЕРЕГІ

Қазақ әдебиетінің өзіндік қолтаңбасы бар сатирик әрі балалар ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Советұлы биыл  60 жасқа келді. Әзілдің әлемін жаулап, сатираның жілігін шағып, майын ішкен ақынға бүгін жерлестері құрмет көрсетті. Жамбыл ауданындағы  мәдени-шығармашылық кеш Аса ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.