Шағын және орта бизнестің дамуы өнім сапасына ғана емес, қаржыны тиімді басқаруға да тікелей байланысты. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қаржыландыру тетіктері қарастырылған. Соның бірі – «Даму» қорының қолдауы. Қор кәсіпкерлердің банктік несиеге қол жеткізуіне көмектесіп, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру арқылы бизнестің дамуына мүмкіндік жасайды.
Облыста жылыту маусымының басталуына байланысты төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жыл басынан бері өңірде 587 өрт оқиғасы тіркеліп, өкінішке қарай, 6 адам көз жұмған. Мамандар жылыту маусымы кезінде тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Кеңес ауылының тұрғыны Мейіржан Момбаев 2011 жылы «Момбай» шаруа қожалығын небәрі 17 бас қоймен бастаған еді. Бүгінде тынымсыз еңбектің арқасында мал басы 250-ге жетіп, шаруашылық өңірдегі асыл тұқымды мал өсірудің көшбасшысына айналды.
Қоғамдағы тұрақтылық пен татулық – ел дамуының басты негізі. Ал өзара құрмет пен түсіністік қалыптастыру әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Осы бағытта Тараз қаласындағы Достық үйінде қоғамдық келісім мәдениетін нығайтуға арналған сараптамалық кездесу өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласының өкілдері қатысты. Басқосуда тілдік және этностық белгілер бойынша кемсітушіліктің алдын алу, ақпараттық кеңістіктегі жауапкершілік пен қоғамдағы өзара сыйластық мәселелері талқыланды.
Түркістанда «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымы мол кездесу өтті. Басқосуда ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесі, дін мен дәстүр сабақтастығы және қоғамдағы татулық мәселелері талқыланды.
Түркістанда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Жиында ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым міндеттер мен азаматтық қоғам институттарының рөлі сөз болды.
Түркістанда Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXX халықаралық турнир басталды. Биыл 30-шы рет ұйымдастырылған дәстүрлі додаға Қазақстанның барлық өңірінен және шетелдерден мыңға жуық жас балуан жиналды. Бес күнге жалғасатын жарыста спортшылар 22 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Религия — одна из важнейших ценностей в духовной жизни человечества. В свою очередь, ее правильное понимание и повышение религиозной грамотности выступают ключевыми условиями стабильности общества. Казахстан, будучи светским государством, гарантирует свободу совести каждому гражданину и стремится укреплять межконфессиональную толерантность. При этом особую значимость приобретает просветительская деятельность религиозных объединений. К примеру, в мечети «Асым ата» города Тараза приоритетное внимание уделяется религиозному просвещению не только прихожан, но и подрастающего поколения.
Чистота — зеркало общей дисциплины и культуры. В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» в Таразе продолжаются системные рейдовые мероприятия. На этот раз специальная проверка была организована в жилом массиве Барысхан, относящемся к территориальному округу №4. Участковые инспекторы полиции и ответственные специалисты разъяснили жителям требования законодательства по соблюдению чистоты придомовой территории.
В Таразе состоялась международная научно-практическая конференция, посвящённая применению фосфогипса для улучшения состояния орошаемых и деградированных земель. Организаторами выступили ТОО «Казфосфат», Исполнительная дирекция Международного фонда спасения Арала в Республике Казахстан и Казахский научно-исследовательский институт водного хозяйства.