17 Ноя 2026, Вт

User

АТАЖҰРТҚА ОРАЛҒАН АҒАЙЫНҒА ҚОЛДАУ

Атамекенге оралған бауырларымыздың жаңа ортаға сіңісіп, аяқтан тұрып кетуіне қолдау көрсету – басты міндет. Бүгін Таразда елге келген ағайынның тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене атсалысқан үздік мамандар марапатталды. Аудандар арасынан суырылып шыққан озық ұжымдар мен нәтижелі жобалар туралы алдағы сюжетте…

ӨҢІРДЕГІ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Жамбыл облысында ветеринария саласын дамыту және эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Өңірдегі мал басын аурулардан қорғау және материалдық-техникалық базаны жаңарту жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Кез келген мекеменің абыройы – ондағы мамандардың тазалығы мен әділдігіне тікелей байланысты. Шаһарда білім беру ұйымдарындағы жемқорлықтың тамырына балта шабуды көздеген үлкен семинар өтті. Мамандар комплаенс қызметінің маңызын түсіндіріп, мүдделер қақтығысына жол бермеудің амалдарын түсіндірді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК – ОРТАҚ МАҚСАТ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Таразда «Әлеуметтік серіктестік: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік» бағытында әлеуметтік серіктестердің ІІ облыстық форумы өтті. Жиынның басты тақырыбы сапалы білім беру мен педагогтерді қолдау мәселесіне арналды. Тараптар өңірдегі білім жүйесін дамытуға бағытталған бірлескен жоспарлар мен әлеуметтік бастамаларды талқылады. Толығырақ әріптесім Сабина Орынбек тарқатады.

ҰСТАЗ ТҰЛҒАСЫ — ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Түркістанда Ұстаздар күніне орай «Ұстаз тұлғасы – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік шара өтті. Тағылымды жиынның негізгі мақсаты — саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбегін дәріптеп, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру.

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Түркістан халықаралық әуежайында Азия ойындарында ел намысын қорғап, байрақты бәсекеден жүлдемен оралған спортшыларды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Жеңіспен туған жерге табан тіреген спортшыларды өңір тұрғындары мен спорт саласының өкілдері ерекше ықыласпен қарсы алды.

ҰСТАЗ — ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ

Ұстаз — ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін сіңіретін, елдің ертеңін тәрбиелейтін тұлға. Ұстаздар күні қарсаңында Түркістан қаласында білім саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді. Толығырақ алдағы сюжетте.

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Түркістанда Ұстаздар күніне орай «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетіліп, үздік педагогтер марапатталды. Толығырақ алдағы сюжетте

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Кәсібін кеңейтіп, жаңа жобасын қолға алғысы келетін түркістандықтарға тиімді мүмкіндік ұсынылды. Өңірде «Даму» қорының ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтіп, кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардың шарттарымен танысты. Басқосуда бизнеске қажетті қаржыландыру мен қолдау тетіктері жан-жақты түсіндірілді.

ПРИЗЕРЫ АЗИАТСКИХ ИГР ВЕРНУЛИСЬ НА РОДИНУ

В регион вернулись жамбылские спортсмены, выступавшие на Азиатских играх по водному поло. На соревнованиях атлеты показали великолепный результат, пополнив копилку страны серебряной медалью. Накануне болельщики и представители спортивной сферы торжественно встретили призеров и поздравили их с победой.