Жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына бақылау күшейтіледі. Алайда бұл барлық ақша аударымына салық салынады деген сөз емес. Мемлекеттік кірістер органдарының басты мақсаты – жеке шоттар арқылы жүргізілетін заңсыз кәсіпкерлік кірістерді анықтау.
Таразда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ақылдым» түзету-дамыту орталығы ашылды. Жоба әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған «Бизнес Ару» байқауы мен «Банк ЦентрКредиттің» демеушілігімен жүзеге асқан. Мұнда сөйлеу тілінде және дамуында ерекшеліктері бар балаларға бірнеше бағыт бойынша көмек көрсетіледі.
Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені ұштастыру – қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Осы орайда бүгін Тараз қаласындағы №64 орта мектебінде өскелең ұрпақ тәрбиесіне арналған ауқымды форум ұйымдастырылды. «Қазіргі заман қызы: ұлттық тәрбие мен заманауи көзқарас» атты бұл форум ата-аналар мен ұстаздардың басын қосып, қыз бала тәрбиесіндегі өзекті тақырыптар талқыланған алаңға айналды.
Цифрлық технологиялар өмірімізді жеңілдетіп, мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жаңа сатыға көтеруде. Осы бағыттағы игі бастамалардың жалғасы ретінде бүгін Тараз қаласында тұрғындарға арналған заманауи цифрлық AI-кеңсе өз жұмысын бастады. Жаңа орталықтың ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев арнайы қатысып, жұмыс барысымен танысты.
Қаланың көркі – тазалығында. Көшелердің көрікті, қоғамдық орындардың таза болуы тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Осы ретте Кентау қаласында санитарлық тазалықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Коммуналдық қызметкерлер күн сайын шаһар көшелерін тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинау және қоғамдық аумақтарды ретке келтіру жұмыстарымен айналысады.
Балалардың шат күлкісі мен алаңсыз ойыны – ауылдың ажарын ашады. Кентау қаласына қарасты елді мекендерде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту бағытында жаңа нысандар бой көтеруде. Биыл Қарнақ және Құсшы ата ауылдарында балалар ойын алаңшалары мен спорт нысандары салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Күн суытып, қыс мезгілі жақындаған сайын елді мекендерде жылу маусымына дайындық жұмыстары күшейе түседі. Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында да тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қолға алынған. Әсіресе әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылыту жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауына ерекше көңіл бөлінуде.
Хантағы ауылында жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Биыл елді мекендегі бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, жолдардың сапасы жақсарды. Сонымен қатар аудандық маңызы бар автомобиль жолының асфальт төселмеген бөлігі жөнделіп жатыр.
Кентау қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары қызу. Коммуналдық қызметтер қар тазалау техникасын әзірлеп, қажетті материалдар қорын жасақтауда. Алдағы уақытта қар қалың түсіп, күн суытқан жағдайда жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылады.
Цифровые технологии — в центре внимания. В Таразе масштабно отметили День работников цифровизации и информационных технологий в рамках областного мероприятия «Digital Qazaqstan Day – 2026». Гости и участники смогли оценить выставку IT-проектов, робототехники и разработок хабов региона. Лучшие специалисты отрасли были отмечены заслуженными наградами за вклад в цифровое развитие области.