10 Май 2025, Сб

admin

Жамбыл облыстық филармониясы Жамбылдағы ерекше режимдегі түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге концерт берді

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай филармония өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аталған іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты-сотталғандарды мәдени құндылықтарға дәріптеу мен патриотизмді дамыту болып табылады. Концерттік бағдарлама барысында атақты қазақ а

қындары мен композиторларының ұлттық және патриоттық шығармалары айтылды. Мәдени шара соңында түзеу мекемесінің әкімшілігі және жазасын өтеушілер облыстық филармонияның өнерпаздарына концертті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

ЖД-158/7 мекемесінің САТЖБ

бастығы әділет капитаны

М.Құрманқұл

Түзеу мекемесі қызеткерлері халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

Осыдан он жыл бұрын қарашаның қара суығында Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алған болатын. Тараз көшелерінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзып, оқ  атқан лаңкесті құрықтау кезінде жергілікті полиция қызметкерлері ерлікпен қаза тапты. Бүгінде бейбіт күннің батырларын еске алып отырғанымызға 10жыл болды. Ғазиз Байтасов, Полат Аянқұлов, Жақсыбек Байсейітов сияқты азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігі-Отан алдындағы қызмет етудің нағыз үлгісі.

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері жылда батырлардың рухына тағзым ету дәстүрге айналған қапияда қаза тапқан бейбіт күннің батырларын еске алып, қысқа метражды өмірбаяндарынан үзінділер көріп, ерлік елдікпен бірге мәңгі жасай беретінін ескеріп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

ЖД-158/7 мекемесінің КСБ бастығы

әділет майоры Ғ.Т. Құлымбетов.

Дүниежүзілік балалар күніне орай ерекше режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер балаларымен кездесті

«Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры», деп бекер айтпаған. Расымен, «балалы үй-базар, баласыз үй –қу мазар». Отбасы-шағын мемлекет болса, сол елдің келешегі-бала.

1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлем елдерінің бейбітшілігі мен балаларының есен-саулығын қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік балалар күні мерекесін тойлауды ұсынды. Содан бері жыл сайын 20-шы қараша күні бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Дүниежүзілік балалар күніне орай жазасын өтеушілер бала-шағасымен кездесіп, сыйлықтарын беріп құттықтады.  Мекеме қызметкерлері де балаларды төл мерекесімен құттықтай отырып, баянды бақыт тіледі.

 

ЖД-158/7 мекемесінің САТЖБ бастығы

әділет капитаны М.Құрманқұл

Түрмеге заңсыз затты алып кірмек болған азаматша қолға түсті

Тараздағы түзеу мекемелерінің біріне белгісіз затты алып кірмек болған азаматша қолға түсті. Заңбұзушылық ЖД-158/7 мекемесінде ағымдағы жылдың 17 қарашасында 14:40 шамасында келіп түскен жедел ақпарат бойынша   мекеменің режим бөлімінің қызметкері әділет сержанты Н.Досаеваның Тараз қаласы, Ұлбике ақын көшесі 2/2 тұрғыны 01.10.1978 ж. туылған, бұрын сотты болмаған, уақытша жұмыс істемейтін, ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жолдасы сотталған 22.10.1984жылғы ҚР  ҚК 96б., 175т., 58б., 31т.-мен 13 жылға сотталған  Т.А.Ж.-га ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматша М.З.К.-ны жіті тінту барысында оң жақ аяқ киімінің ішінен селофан пакеті анықталды, аталған пакеттің ішінен скочпен оралған қара қоңыр түсті, спецификалық иісі бар зат тәркіленді.

Аталған факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып ұсталған азаматша табысталды. Тәркіленген затқа сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Орын алған құқықбұзушылық бойынша тыйым салынған заттардың мекемеге ену арналарын анықтау мен жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Сондықтан, түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші жақындарына көмектеспек ниетте заңды бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертеміз және заң алдында барлық адам бірдей жауап береді, -деді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Рыспаев Нияз Қанатұлы.

 

 

ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ

жауапты қызметкері

Гребной канал появится в Туркестане

Гребной канал с уникальными спортивными комплексами, не имеющими аналогов в Казахстане, появится в Туркестане. Олимпийский центр будет отвечать международным требованиям и будет способствовать развитию спортивного туризма, сообщили в пресс-службе акима Туркестанской области.

Накануне строительную площадку нового водного комплекса посетил аким области Умирзак Шукеев.

Центр, соответствующий международным олимпийским стандартам по гребле на байдарках и каноэ, расположится на территории около 100 гектаров. Общая длина — 2 222 метра, глубина — 4 метра. Канал будет иметь два русла.

 

Тотыдай түрленген Түркістан

Өз елінің тау-тасын, ең соңы инесінің сынығын құрметтемеген мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болмақ. Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында киелі де қасиетті жерлерді қастерлеу керектігін айтқан болатын. Осындай мекендерді түлету үшін нақты қандай іс-шаралар өтізу керектігіне де тоқталған еді.

Елбасы тапсырмасына орай, бүгін Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыс орталығында Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту керектігі жөнінде арнайы жиын өткізді.

Басқосуда сөз бастаған аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанның өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемінің де  рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасының тапсырмасына сәйкес,  Қазақстанның рухани орталығы бағытында жандандыру жайына тоқталды.

Туркестанская область в числе лидеров по переписи населения

На сегодня в Туркестанской области национальную перепись населения 2021 года в режиме онлайн прошли 167 948 респондентов. Об этом передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу акимата Туркестанской области.

По итогам 14 дней лидирует Сайрамский район. Здесь зарегистрировано около 27 тысяч жителей, прошедших онлайн-перепись, На втором месте — Казыгуртский район, где прошли перепись 21 тысяча человек. В тройку лидеров вошли также Тюлькубасский и Ордабасинский районы с 14 тысячами респондентов.

Грекия шекарасы енді жасанды зерде арқылы бақыланады | Шетелдік БАҚ

— Әлем экономиканы басқарудың ескі үлгісінен бас тартуы тиіс. Италиялық белгілі экономист Марианна Мацукато Projeet Syndicate басылымындағы мақаласында осылай жазды.

— Euronews телеарнасындағы Futuris хабары Грузиядағы экотуризмнің қарқын алғаны туралы баяндады.

— Грекия шекарасы енді жасанды зерде арқылы бақыланады. Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымының жазуынша, ел аумағына кірген саяхатшыларды коронавирусқа қарсы тексеру жүргізілмейді.

— Австралия зерттеушілері сүттің құрамындағы май баланың денсаулығына әсер етпейтінін анықтады.

Итальяндықтар вакцинация төлқұжатынсыз жұмыс істей алмайды | Шетелдік БАҚ

— ХХІ ғасырда НАТО альянсы өзгеруі керек, дейді National Interest шолушысы Николас Гвоздев.

— Италияда вакцинация төлқұжатынсыз жұмыс жасай алмайды, деп хабарлайды Süddeutsche Zeitung.

— Ағаштан жасалған мектептер, көпірлер, автотұрақта, енді міне әлемдегі ең биік ағаш ғимараттардың бірі бой көтерген Шеллефтео қаласы туралы Guardian тілшісі Оливер Уэйнрайт әңгімеледі.

— «Жәндіктер мен құрт-құмырсқалар азық-түлік дүкені сөрелерінде саудаға шығарылар күн жақындады ма?» деп сауал тастады Telegraph тілшісі Иоланта Фавехинми.