Тазалық—табиғаттың қазынасы. Ал, қала жұрты қазынасын қастерлей ме? Расында бүгінгі қала көркі тазалықпен тығыз байланысты. Осыған орай бірер апта бұрын облыс әкімінің бастамасымен қала тазалығына 2 айлық сенбілік жарияланған болатын. Осыған орай қала аумағында кең көлемде сенбілік жұргізілді. Сенбілікке облыстық және қалалық мекемелер,кәсіпорындар, жеке бизнес өкілдері мен қала тұрғындары атсалысты.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы «Жас қанаттар» ұйымы «Mama fest»фестивалін өткізді. Атаулы шарада түрлі салада кәсібін дөңгелетіп жүрген жандар аналар үшін қызмет көсетті. Жәрмеңке мен шығармашылық аймақтар құрылып,қатысушыларды ерекше сезімге бөледі. Толығырақ тілші тарқатады.
Жамбылда жол апаты азаймай тұр. Бір ғана Т.Рысқұлов ауданында жыл басынан бері 81 жол көлік оқиғасы орын алған.Салдарынан 19 адам қаза болып,157 адам жарақаттанған.Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары.Тасжолдағы тағдыр тәлкегін тыю үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Нәтиже қандай? Анығын алдағы уақытта айшықтаймыз.
Биылғы жылы облыста 756,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,4 мың гектарға артты. Атап айтқанда, 390,2 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 72,4 мың гектарға майлы дақылдар, 5,5 мың гектарға қант қызылшасы, 11,6 мың гектарға картоп, 61,1 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары, 215,2 мың гектарға мал азығы дақылдары егілді. Күзгі дала жұмыстарының барысы туралы баспасөз конференциясында басқарма басшысының орынбасары айтты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында өткен жылдың тамыз айында өрт пен жарылыс болғаны есімізден шыға қойған жоқ. Ондағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылғыш заттарды жинау және жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оқ-дәрілерді жою әскери бөлімнен 12 шақырым қашықтықтағы таулы аймақтағы шалғай учаскеде жару әдісімен жүзеге асырылуда. Бұл аумақ ешкімнің жеке меншігі емес және Жамбыл облысы әкімдігінің рұқсатымен бөлінген. Бұл туралы баспасөз алаңында айтылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдіріп, халықты бірлікке, елдікке шақырып жатыр. Мемлекеттік мекемелер жолдауды насихаттау жұмысына қызу кіріскен. Солардың қатарында қалалық жұмыспен қамту орталығы да бар. Толығырақ сюжет сөйлесін.
15 қыркүйек күні кезекті 22 жылдығын Қазақстан Қарулы Күштерінің ең ірі жедел – аумақтық бірлестіктерінің бірі-«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы атап өтті. Осыған байланысты Тараздағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штаб-пәтерінде салтанатты сап түзеу рәсімі өтті.
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық қан орталығында «Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні» мерекелеу қарсаңында «Лейкозы бар баланың өмірін сақтаңыз» акциясы өтті. Атаулы шараға Жамбыл облыстық Прокуратурасы қызметкерлеріде қатысты. Толығырақ тілші тарқатсын.
В Байзакском районе, на территории воинской части, где в августе прошлого года произошли взрывы на складах боеприпасов, продолжаются работы по сбору и утилизации взрывоопасных предметов. Уничтожение боеприпасов производится методом подрыва на удаленном участке в горной местности в 12 км от воинской части. Эта территория не является чьей-то частной собственностью и выделена акиматом Жамбылской области. Об этом сообщили на сегодняшнем брифинге.
В области продолжается обсуждение Послания Президента « Единство народа и системные реформы – прочная основа процветания страны». Основные направления этого важного на сегодня документа рассматриваются во многих коллективах и учреждениях. Члены городской информационной группы побывали и в центре занятости населения.